2020 жыл Қазақстанда бала туудан рекордтық көрсеткіш орын алды

11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің рекордтық саны тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews басылымына сілтеме жасай отырып.

Телефонда айтқаны тыңдалды: Атырау облысында тоңазытқышта өлген сәби үшін перзентхана басшысы қамауға алынды

2020 жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде 421 мың сәби дүниеге келді.

Демограф Мақсат Имандосов 1987 жылы 417 мың бала дүниеге келген нәрестелер санының бұрынғы рекорды бұзылғанын айтады.

"Бұл абсолютті рекорд. Қазіргі Қазақстан аумағында тарихта бұрын-соңды мұнша адам дүниеге келмеген", - деді ол.

Статистика мәліметтері бойынша, 2019 жылы 403 064 бала дүниеге келген.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқы 18 852,8 мың адамды құрады, оның ішінде қалалық - 11 129,2 мың (59 пайыз), ауылдық – 7723,6 мың (41 пайыз) адам. 2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 241,7 мың адамға артты.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық статистикалар бюросы елімізде 2020 жылы ең жиі қойылған есімдерді жариялады. Өткен жылы дүниеге келген сәбилердің арасында Әлихан мен Медина есімдері танымалдылыққа ие болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр