Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылы болған үш қайғылы оқиға

2019 жыл қандай болды? Несімен есте қалды немесе қандай оқиғалар орын алды? Доңыз жылы елімізде орын алған қайғылы оқиғаларды Stan.kz ақпарат агенттігі еске алды.

1.    2019 жылдың 4 ақпанына қараған түні Нұр-Сұлтандағы "Көктал-1" жеке тұрғын үй аумағында орналасқан "времянкада" өрт шықты. Төтенше оқиға салдарынан бір отбасының бес қызы қаза тапты. Өрт кезінде ата-анасы жұмыста болған. 

Қайғылы оқиға дүйім жұрттың қабырғасын қайстырды. Ел болып отбасына қаржы жиналып, көмек көрсетілді. Арада бірнеше ай өткеннен кейін Ситер отбасы сұхбат беріп, бүгінгі өмірлері туралы айтып берген болатын. Марқұм болған бес қыздың ата-анасы халықтан түскен ақшаға сатып алынған екі бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Олар қайғының орнын толтыру үшін жетімдер үйінен бала асырап алатындары туралы айтқан еді. Евгений және Жанымгүл кішігірім көлік бекетін жалға алған. Қазір екеуі бірге сол жерде жұмыс істейді. 

2.    2019 жылы 24 маусым күні таңғы сағат 9.20-да Түркістан облысы Арыс қаласындағы №44859 әскери бөлімінде оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан – екі әскери қызметкер мен бір жергілікті тұрғын. Зардап шеккендер де болды.

Арыстағы 8 466 үйдің 7 150-не зақым келген. Бұдан бөлек көпқабатты үйлердің 100-ге жуығы зақымдалған. Қазіргі таңда 330 үй қайта жөнделіп, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілген, ал толық сүріліп, қайта көтерілген 144 үйдің құрылысы да аяқталуға жақын. Түркістан облысы мен Арыс қаласының өз еншісінде болған 7-нші секторда 100 үй бұзылып, қайта салынған. 

3. 2019 жылдың 27-де "Bek Air" әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ жоспар бойынша сағат 7:05-те ұшып, радардан жоғалып кеткен. Бортта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Ұшақ екіқабатты ғимараттың үстіне құлады.

Апаттан бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Ал қаза болғандар саны он екіге жеткен. Апаттан көз жұмғандардың ішінде Қазақстан генералдары кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров, сондай-ақ, Informburo.kz сайтының журналисі Дана Круглова бар. Ұшақ апаты кезінде 28 желтоқсан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Қазақстандықтарды 2020 жылы не күтіп тұр (видео)

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында жаңа туған сәбиімен бірге 22 жастағы ана жоғалып кетті

Жоғалған бойжеткенді іздестіруге облыстық полиция департаментінен бөлек, еріктілер тобы да жұмылдырылмақ

Қытайдан тарап жатқан індетке байланысты теннис жарысы Қазақстанға көшірілді

Сайыс 4-8 ақпан аралығында Нұр-Сұлтанда өтеді

Қазақстанда коронавирусқа қатысты тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс-орталығы іске қосылды

Қазақстандықтар орталыққа хабарласып, коронавирустық инфекцияға қатысты кез келген сауалын қоя алады

Қазақ қызына ессіз ғашық болған кубалық: Сіздерден артық қонақжай халық көрмедім

Олар бастапқыда Кубада қалуды жөн көрген

Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін төлем көбейтілмек

Енді бала санына шектеу болмайды

Коронавирус тараған Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме? Дәрігер жауап берді

Соңғы рет 54 адам көз жұмды

Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды

Жұрт оны "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын

32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді

Ол христиан дінін берік ұстанады

"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Өз күнін өзі көріп жүр": Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Актер келіншегінің өзіне еш салмақ түсіргісі келмейтінін айтты
Çàãðóçêà...