2018 жылдың соңында бүктелетін смартфондар сәнге айналмақ
2018 жылдың соңында әйгілі брендтер бүктелетін смартфон түрлерін шығармақ. Дисплейі мен корпусы бүктелетін аппараттар жыл соңында сәнге кірмек.
Бұл туралы DigiTimes басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Дереккөзге сүйенсек, ірі компаниялардың кейбірі сәнге кіретін телефондарды шығарып үлгерген. Енді бірі технология патентін рәсімдеп жатыр.
Мәселен, Samsung дисплейі бүктелетін смартфон өндірісін 80%-ға аяқтаса, Apple патентті рәсімдеп жатыр. Ал Huawei мұндай гаджетті жыл соңында жұртқа таныстырмақ ниетте.
Oppo, Lenovo және ZTE әзірге мұндай аппарат өндіруге дайын емес. Аталған компаниялар экраны бүктелетін технологияны дайындау үстінде.
Бұл орайда мамандардың гаджет болашағына қатысты болжамдары әртүрлі. Strategy Analytics-тің мәліметіне сүйенсек, 2019 жылы бүктелетін смартфондар саны – 700 мыңға, 2021 жылы – 30,4 миллионға, ал 2022 жылы – 50,1 миллион бірлікке дейін жетпек.
Тағы оқыңыз:
Миллиардер ауылдастарына 258 вилла салып берді: Сараңдықтың кесірінен барлық үйлер бос тұр
Әлемдегі ең үлкен қолтырауын өзінің тұқымдасын өлтіріп, оның құйрығын жеп қойды
Ресей үшін «қара дүйсенбі»: Санкцияларға байланысты рубль мен қор биржалары құлдырады
Сауд Арабиялық ханзада 90 мың евроға порноға тапсырыс беріп, төлемей кеткен