Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2018 жылдың мамыр айына арналған жұлдыз жорамал

Құрметті оқырмандар сіздерді көктемнің соңғы айымен құттықтай келе, назарларыңызға 2018 жылдың мамыр айына арналған жұлдыз жорамалды ұсынамыз. Бұл жылдың мамыр айында барлық жұлдыз белгілерін сәттілік күтіп тұр екен. Күн шуақты ауа-райы беретін бұл жылылық өте нәзік болады және жоспарған барлық мақсаттарыңыз оңай жүзеге асады.

2018 жылдың мамыр айына арналған жұлдыз жорамал

Көктемнің соңғы айымен құттықтаған Stan.kz ақпараттық агенттігі барлық жұлдыз белгілеріне арналған 2018 жылдың мамыр айының жұлдыз жорамалын ұсынады.

Тоқты

Мамыр айының алғашқы он күнінде ақша, жұмыс, табыс, түрлі қаржылық жобалар сіздер үшін өзекті тақырып болады. Осы кезеңде өнеріңізді айқын көрсете аласыз және өз ортаңыздың мақтанышына айналасыз. Барлық жаңа жоспарларды дәл осы айдың бірінші онкүндігінде іске асыруды қолға алыңыз. Себебі айдың екінші жартысы бұл үшін аса қолайлы кезең емес. Мамыр айының соңында назарыңыз жаңа эмоциялар мен әсерлерді іздеуге ауысады. Сіз адамдармен көп қарым-қатынас жасап, өзіңізді тәрбиелеумен айналысып, сапарға шығып қалуыңыз әбден мүмкін. Мамыр айы сіз үшін мансап, махаббат, қаржы тұрғысынан жетістікке жетуде оңтайлы болып тұр.

Торпақ

Осы айда сіз барлық жағынан жарқырайсыз. Айдың бірінші жартысы алыс жоспарларды іске асыру үшін тамаша уақыт болмақшы. Жақын болашаққа арналған жоспар, қажет нәрселер және жүзеге асырғыңыз келген мақсаттарыңызды іске асыру үшін міндетті түрде әрекет етіңіз. Егер жоспарыңызды орындау жолында әрекет етсеңіз бәрі міндетті түрде орындалады. Мамырдың ортасында осы дүниеге деген көзқарасыңызды өзгерте алатын, өміріңіздің кейбір салаларына әсер ететін қиын жағдай орын алуы мүмкін. Өзіңізді таптап тастамас үшін тәуекел етпеңіз. Мамыр айында қиындықтарға қарамастан, өзіңізді сенімді және толыққанды адам ретінде сезінесіз.

Егіздер

Мамыр айының бірінші жартысында айналаңызды әдемі заттармен қоршайсыз. Жағымды адамдармен араласуға тырысып, ауыр сәттерден аулақ боласыз. Айдың бірінші жартысы жұмысқа орналасуға, қызмет саласын өзгеруіге қолайлы кезең болады. Осы айда жұлдыздар мансаптық жарыста біраз уақыт шетте қалуға кеңес береді. Жоспар жасаңыз, жаңа жобаларды іске асырыңыз, бірақ өміріңізде болған барлық нәрселерге өте мұқият болыңыз. Айдың соңында беделіңізді арттырып, жаңа өкілеттіктерге ие бола аласыз.

Шаян

Бұл ай шағын мәселелерді шешумен бірге басталады. Іскерлік шиеленіс айдың бірінші жартысында сізбен бірге жүреді. Айдың екінші жартысында басшылықпен қақтығыс, бизнеске қатысты кейбір кемшіліктер, жағымсыз жаңалықтар болуы мүмкін. Сондай-ақ, айдың екінші жартысы да күмәнді қаржылық операцияларға қатысудың қолайсыз кезеңі. Басқа адамдардың ақшаларына араласпаңыз. Айдың аяғына дейін күте тұрыңыз, сонда ғана қаржы мәселелерін шеше бастауға және шешуге болады.

Арыстан

Айдың бірінші жартысында кәсіби өсуімен, әлеуметтік жағдайыңызды нығайтумен айналысыңыз. Осы айда достарыңызбен жақын адамдарыңызға ықпалыңыз арта түседі. Айдың бірінші жартысында шығындарыңыз табысыңызбен сәйкес келеді. Ал айдың соңында ойланбаған әрекеттерден аулақ болыңыз. Сондай-ақ, мамыр айының соңында сізді қосымша табыс күтіп тұр.

Бикеш

Мамыр сізге жұлдызды ай болмайды. Бұл айда керемет нәрсе күтпеңіз. Көктемнің соңғы айы жайлы болады. Айдың ортасына дейін шетелге кетуге қатысты сұрақтар туындауы мүмкін. Ал айдың соңында көп жұмыс істеп, қарым-қатынас, іскерлік мәселелерді шешесіз. Осы айдың ішінде сізді қаржы саласында айтарлықтай өзгерістер күтпейді. Қосымша кірісті айдың соңына қарай алуыңыз мүмкін.

Таразы

Сіз үшін мамыр айы рухани және материалдық ахуалды біріктіруге қолайлы болып тұр. Айдың ортасына дейін қаржы саласындағы істеріңіз жақсы жүреді. Жақсы табыстар, болашағы бар қаржылық ұсыныстар болады. Осы кезеңде бағалы заттар сатып алып, қаржылық инвестициялар жасаңыз. Айдың соңында барлық мәселелерде жолыңыз болады. Үлкен жоспарларды іске асыруға көмектесетін адамдармен кездесіп, ұтысқа қол жеткізуіңіз мүмкін.

Сарышаян

Осы айда айналаңыздағы адамдар өміріңізде маңызды рөл атқарады. Сізді іскерлік және жеке қарым-қатынасты нығайту, жаңа адамдармен таныстық секілді көптеген қарым-қатынас күтіп тұр. Бұл ай инвестиция, бизнеске ақша салу, жаңа жобаларды дамытуға жақсы кезең болады. Айдың үшінші онкүндігі басқа адамдардың ақшасы, мүлкі, мұрагерлік мәселелерімен байланысты болмақ. Жалпы алғанда, мамыр сіз үшін жақсы кезең. Ол сізге жағымды эмоциялар, жаңа таныстар мен қосымша табыс әкеледі.

Мерген

Айдың бірінші жартысы жұмысқа байланысты болады. Осы кезеңде жұмысқа орналасу, жаңа командаға қосылу, өзіңе жаңа міндеттерді жүктеу секілді жұмысқа қатысты мәселелер орын алады. Сондай-ақ бұл кезеңде денсаулыққа назар аудару керек. Мамыр айында қомақты қаражатты күтпей, ақшаны үнемдеген жөн. Бұл айда басшылықпен қақтығыстар орын алуы мүмкін. Ал айдың екінші жартысы тыныш болады.

Тауешкі

Айдың бірінші жартысында сіз жұмысқа толығымен бас сұғып, жаңа жобалар мен жоспарларды жүзеге асырасыз. Ал айдың ортасына дейін қосымша табыс көрмеуіңіз мүмкін. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Бірлесе жұмыс жасасаңыз, бұл сіз үшін осы айдағы табыстың негізгі көзі болады. Айдың екінші жартысында бәсекелестермен жағдай нашарлайды. Бизнесте қақтығыстар орын алып, қаржылық шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Айдың соңғы күндері сізге қаржы тұрғысынан оң нәтиже әкеледі.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар үшін бұл ай қосымша кіріс пен табыс әкелетін жақсы кезең болмақ. Айдың басында сіздің  жұмыспен айналысудан, жобалар әзірлеп көңіл көтеруден қолыңыз босамайды. Сондай-ақ, айдың екінші жартысында қаржылық сәттілік басталады. Ақшалар өзінен пайда болады. Кірістер айтарлықтай күш жұмсауды қажет етпейді. Сізде табыс табудың құпия көздері болуы мүмкін және бейтаныс адамнан үлкен сыйлық күтіп тұр.

Балықтар

Айдың бірінші жартысында жарқын және қанықты өмірге ие боласыз. Сізді көптеген адамдармен қарым-қатынас, сапар, кездесулер күтіп тұр. Алдыңызда жаңа жобалар ашылып, өзіңізді толық таныта аласыз. Айдың екінші жартысында қаржы операцияларын жүргізудегі қателіктерге байланысты қаржылық қақтығысқа немесе шығынға ұшырайсыз. Бірақ, айдың соңында демалыс, ойын-сауық, хобби, балаларға байланысты шығынға батуыңыз мүмкін.

 

Талқылау