Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылдың маусым айына арналған жұлдыз жорамал

Stan.kz 2017 жылдың маусым айына арналған жұлдыз жорамал ұсынады.

goroskop_ava_4_2

Тоқты. Бұл айда кімнің дос, кімнің дұшпан екеніне анық көз жеткізесіз. Күш-қуатыңыз артып, ең биік шыңды бағындыратындай алапат күшке ие боласыз. Маусым айында үйіңізде күтіп тұрған асығыс шаруаларды ретке келтіруіңіз керек. Әйел адамдардың жеткен жетістігінде тоқтап қалмағаны жөн. Өкінішке орай, ер азаматтар көбірек демалғысы келсе де, аталған мерзімде мұндай мүмкіндік тумайды.

Денсаулық

Табиғи тағамдарды көбірек жеңіз. Мысалы, жеміс-жидек пен көк шөп, сүт, айран туралы ұмытпаңыз. Жағалауға барып судан ләззат алуыңызға да болады. Ұйықтар алдында әртүрлі иіс май қосылған ваннаға түсіп алғаныңыз жөн. Позитивті адамдармен ғана араласуға тырысыңыз.

Махаббат

Бұл жолы сүйіктіңізбен арадағы кикілжіңді шешу үшін ұтымды әдіс табуыңызға тура келеді. Екеуіңіз де шаршаған болсаңыздар, шетелге шығып саяхаттаңыздар. Шектен тыс романтик болудың да қажеті жоқ. Әйел адамдар серігіне тиісіп, жөнсіз мазасын алады. Ал ер азаматтар көңілдес тауып, төсек ләззатын шеттен іздейтін болады.

Мансап

Көптеген бітпей қалған жұмысты аяқтауыңызға тура келеді. Әріптестеріңізбен тіл табысқан жағдайда, жобаларыңызды сәтті қорғап шығасыздар. Мансап жолында ілгерілеуіңіз үшін көп еңбектенуіңізге тура келеді. Десе де, бұл айда қалтаңыз қалыңдайды.

Табысты күндер: 3, 7, 10, 15, 20, 24, 30
Жағымсыз күндер: 5, 18, 22

Торпақ. Сіздің бұл айда жолыңыз болды. Алға қойған мақсаттарыңыздың барлығына жетіп қойғандай күй кешесіз. Бірақ, бұл тоқтау керек деген сөз емес. Алар асуыңыз әлі алда. Қай істе болмасын, ұстамдылық танытуға тырысыңыз. Мұнымен қатар, жеке өмірді ретке келтіретін уақыт келген сияқты. Достарыңызбен таза ауада жиі серуендеп тұрыңыз.

Денсаулық

Күз мезгілінің қарсаңында денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Ал әзірге сізде барлығы жақсы. Күнделікті асыңызды дәрумендермен толықтыруды ұмытпаңыз. Ер азаматтардың үй шаруасына көңіл бөлгендері жөн. Осылайша, көңілді жабырқатқан көптеген сезімнен арылуға болады.

Махаббат

Көптеген құрдастарыңыз сізге сезімін білдіріп, жүрегін ұсынады. Кіммен айырылысып, кіммен көңіл қосу керектігін өзіңіз шешіңіз. Ал сүйіктісі бар торпақтар, опасыздық жасауға асықпаңыздар. Оның үстіне 2017 жылы бұрынғы сүйіктіңізбен кездесіп қалуыңыз мүмкін. Алғашқы махаббаттың жүректе мәңгілік қалатынын өзіңіз де білетін шығарсыз.

Мансап

Кәсіпте де, қаржы мәселесінде де жолыңыз болады. Басшылық еңбегіңіз елеп, сыйақы ұсынады. Маусым айында торпақтар шет тілін меңгеріп, ЖОО-ға құжат тапсырулары мүмкін. Әзірге қымбат дүние-мүлік алмай қоя тұрғаныңыз жөн. Себебі, қаражатыңыз маңызды мақсаттарыңызға қажет болуы мүмкін.

Табысты күндер: 6, 10, 14, 19, 22, 26
Жағымсыз күндер: 4, 10, 18

Егіздер. Бұл ай сіз үшін түрлі қызыққа толы болады. Жаныңызға ләззат сыйлайтын хоббидің арқасында табысқа кенелесіз. Бірақ, 2017 жылы алға қойған жоспарларыңыз туралы көп айтпағаныңыз жөн. Көре алмай жүрген жандар сізге кесірін тигізуі мүмкін. Болашағыңызға үлкен сеніммен қараңыз. Оның үстіне отбасыңыз сізге толықтай қолдау көрсететін болады. Достарыңызбен ренжісіп қалған жағдайда, олардың ырқына көнуге тырысыңыз. Кешіріммен қараңыз.

Денсаулық

Физикалық денсаулығыңыз қалпында болғанымен, жүйкеңіз тозып кеткен. Депрессиядан жазылғыңыз келсе, маусым айында психолог маманның қабылдауына жазылыңыз. Ең бастысы, күйзелістен ішімдіктің көмегімен арыламын деген ойдан аулық болыңыз.

Махаббат

Жеке өміріңізді ретке келтіретін уақыт келген сияқты. Махаббат пен жігіт-қыз қарым-қатынасына деген көзқарасыңызды өзгертетін болсаңыз, сүйіктіңізді жолықтырасыз. Жер стихиясы жұлдыздарымен достық қарым-қатынас орнатып, Ауа стихиясы белгілерімен көңіл қосасыз. Маусым айының соңында сүйіктіңізбен ренжісіп қалуыңыз мүмкін.

Мансап

Бұл айда әрбір тиыныңызды есеппен жұмсауыңызға тура келеді. Әйтпесе, бар жиған-тергеніңізден айырылып қалуыңыз мүмкін. Кей әріптестеріңіздің өтініштері көбейеді. Сол себепті, «жоқ» деп айтуды үйреніңіз. Мансап жолында көтерілмейсіз. Десе де, жаңа саланы меңгеретін боласыз. Басқа салаға ауысатын уақыт та келіп қалған сыңайлы.

Табысты күндер: 6, 10, 15, 19, 24, 28
Жағымсыз күндер: 2, 8, 14

Шаян. Маусым айында көңіл-күйіңіз түсіп, өмірге деген құлшынысыңыз төмендейді. Бұған жеке өміріңіздегі келеңсіздіктер мен ақша жетіспеушілігі себеп болуы мүмкін. Ең бастысы, қоғамнан жырақтамаңыз.

Денсаулық

Тәтті тағамдарды көп тұтынбағаныңыз жөн. Таңертеңгілік жаттығуларды жүгірумен алмастыруыңызға болады. Әйел адамдар инфекциялық аурулардан сақтансын. Мұнымен қатар, ауа райының құбылмалылығынан басыңыз ауыруы мүмкін.

Махаббат

Жуырда бірге отбасын құратын адамды жолықтырасыз. Сүйіктіңіз туралы бір сәтке ойланып көріңізші. Оның сіздің өміріңізде алатын орны қандай? Әйел адамдар жалғыздықтан қиналады. Кейбіреулері бір уақытта бірнеше адаммен көңіл қосулары мүмкін.

Мансап

Мансап жолында ілгерілейтін уақытыңыз келді. Әдетте біреуге тиесілі жұмыстарды ғана орындайсыз. Жеке бизнеспен айналысқан жағдайда әлдеқашан миллионер атанатын едіңіз. Ұсыныстарыңыз туралы бастығыңызға айтуды ұмытпаңыз. Ол сізге лауазымды қызмет ұсынуы мүмкін. Әйел адамдар қайырымдылықпен айналысқандары жөн.

Табысты күндер:  9, 12, 17, 22, 27
Жағымсыз күндер: 5, 11, 29

Арыстан. Жаңа кәсіби деңгейге шығуға көмектесетін тамаша жобаларға ұсыныс аласыз. Кез келген ақпаратты қайта саралап отырыңыз. Ең бастысы, табысқа жету үшін көп күш-қуат жұмсау керектігін ұмытпаңыз. 2017 жылы көп нәрсе өзіңізге байланысты екенін естен шығармаңыз.

Денсаулық

Йогамен айналысуға уақыт табатын кез келген сияқты. Кешкі мезгілде бал қосылған сүт ішіп, ваннаға түсуді ұмытпаңыз. Ауа райы жылы болғандықтан, жиі серуендеп тұрыңыз. Күнделікті рационыңызға көкөністер мен жемістерді қосыңыз. Сүт пен айран ішек жұмысын жақсартады.

Махаббат

Шынайы бақытыңыздан көз жазып қалғыңыз келмесе, іске кірісіңіз. Күту қасиеті сізге арналмаған. Достарыңыз көмек сұраған жағдайда, міндетті түрде қол ұшын созыңыз. Ең бастысы, өз қиындықтарыңызды өзгеге жүк етіп артуды доғарыңыз.

Мансап

Туысқандарыңызға моральдық және материалдық тұрғыдан жиі көмектесіп тұрыңыз. Сіздің қаржылай жағдайыңызға айналаңыздағыларға қарағанда әлдеқайда жақсы. Қайырымдылықтың арқасында үлкен табысқа кенелесіз. Ақша мәселесінде сізде қиындық болмайды. Сол себепті, қалаған затыңызды сатып алуыңызға болады.

Табысты күндер: 3, 12, 15, 20, 24, 30
Жағымсыз күндер: 7, 14, 31

Бикеш. Жұлдыздар кезекті демалыс алып, шетелге саяхаттауға кеңес береді. Ал қайда бару керектігін достарыңыздан сұраңыз. Әрине, алдымен, барлық жұмысыңызды аяқтап, өтініш хат жазуыңызға тура келеді. Жеке өміріңізде еш қиындық болмайды. Сол себепті, босқа уайымдай бермеңіз. 2017 жылы өзіңіз сөйлескіңіз келмейтін адамдармен байланысты үзгеніңіз жөн.

Денсаулық

Жұлдыздар көңіл-күйіңіздің көтеріңкі, денсаулығыңыздың мықты болатынын айтып жатыр. Осы көтеріңкі көңіл-күйіңіздің арқасында айналаңыздағыларды шабыттандыратын боласыз. Күн тәртібін сақтауды ұмытпаңыз. Әйел адамдарға қатаң диета ұстаудың қажеті жоқ. Десе де, айдың ортасына қарай денсаулығыңызға мұқият болыңыз. Созылмалы ауруларыңыз қайта көрініс табуы мүмкін.

Махаббат

Маусым айында көптен күткен сүйіктіңізді жолықтырасыз. Арадағы қарым-қатынасты заңдастыратын да уақыт келген сияқты. Бұл айда үлкен таңдау жасауыңызға тура келеді. Жақындарыңызды бағалауды ұмытпаңыз.

Мансап

Жұмысқа барғыңыз келмей аздап қиналасыз. Өкінішке орай, кезекті демалысыңыздың бұл айға түспегеніне көндігуіңізге тура келеді. Десе де, осы айдағы белсенді жұмысыңыздың арқасында мансап жолында ілгерілеуіңіз мүмкін. Оның үстіне маусым айында әріптестеріңізбен жақсы тіл табысып, көңілді отырыстарда бас қосасыздар.

Табысты күндер: 1, 4, 13, 17, 22, 26
Жағымсыз күндер: 2, 8, 16

Таразы. Жұлдыздар бос мақтанға салынбауға кеңес береді. Оның үстіне армандармен қиялдап өмір сүруді доғаратын кез келген сияқты. Өкінішке орай, жеке өміріңізде көптеген қиындыққа тап болып, олардың барлығын тек өзіңіздің шешуіңізге тура келеді. Осы айда серігіңіз дәлдік пен нақтылық болсын. Ең бастысы, жалқаулыққа бой алдырып алмаңыз.

Денсаулық

Өкпеңіз сыр беруі мүмкін. Мұнымен қатар, жүрегіңізді де тексерткеніңіз жөн. Жиі жаяу жүріп, спортпен, фитнеспен шұғылданатын уақыт келген сияқты. Инфекциялық аурулардан сақтаныңыз. Жалпы көңіл-күйіңіз жақсы, денсаулығыңыз қалыпты болады.

Махаббат

Майда-шүйде қиындықтардың барлығын ұмытып, ессіз ғашық боласыз. Отбасыңыздың берекелі болғанын қаласаңыз, Мергендермен, Егіздермен, Суқұйғыштармен сөз байласыңыз. Ал әйелдердің сүйіктісімен байланысты үзбес бұрын 100 рет ойланғандары жөн.

Мансап

Жұмыстарды кейінге қалдыра бермегеніңіз жөн. Әйтпесе, кезекті демалысқа шықпай қалуыңыз мүмкін. Интернет арқылы қосымша табыс көзін тапқаныңыз жөн. Барынша ақшаны үнемдеуге тырысыңыз. Әйтпесе, бірнеше айдың ішінде тақырға отыруыңыз ғажап емес.

Табысты күндер: 3, 6, 15, 20, 24, 28
Жағымсыз күндер: 5, 11, 22

Сарышаян. Бұл айда көңіл көтеріп, көптеген жаңа достар табасыз. Айдың ортасына қарай шығармашылық жобаның жетекшісі болу туралы ұсыныс түседі. Бас тарту туралы, тіпті, ойланбасаңыз болады.

Денсаулық

Тамақтану тәртібін сақтап қана қоймай, азық-түліктердің мерзіміне қарағаныңыз жөн. Әйтпесе, уланып қалуыңыз да ғажап емес. Мұнымен қатар, тәтті тағамдардан түбегейлі бас тартыңыз. Таңертең жүгіріп, жүзумен айналысуға кеңес береміз.

Махаббат

Жуырда мәңгілік серігіңізге айналатын адамды жолықтырасыз. Тіпті, қарым-қатынастарыңызды заңдастырып, балалы болу туралы ойланасыз. Сүйіктіңізбен қатты ренжісіп қалсаңыз да, опасыздық жасауға асықпаңыз.

Мансап

Әлін білмеген әлек болатынын жақсы білетін шығарсыз. Сол себепті, өзіңізге артық жүк артудың қажеті жоқ. Бастығыңыз өзіңіз жасаған жоба үшін қомақты сыйақы ұсынады. Мұнымен қатар, шетелде табысты жұмыс ұсынуы мүмкін.

Табысты күндер: 1, 4, 9, 18, 21, 26
Жағымсыз күндер: 7, 14, 21

Мерген. Жұлдыздар жылдамырақ кезекті демалысқа шығуға кеңес береді. Достарыңызбен көңіл көтеріп, тауға шыққаныңыз жөн. Бұл күйзелісті алдын алады. Ең бастысы, рухани байлықтың не екенін жадыңыздан шығармаңыз. Маусым айында барлық армандарыңыз бірден орындалады деп ойламаңыз.

Денсаулық

Физикалық жаттығулар жасаудан қорықпаңыз. Дәл қазір күш-қуатыңыз артып тұрғандықтан, денсаулығыңыз үшін алаңдамасаңыз болады.

Махаббат

Отбасыңыз көптен бері үйленіп, тұрмысқа шығуыңыз керектігін есіңізге салып жүрген болар. Осы мәселе төңірегінде ойланатын уақыт келген сияқты. Арадағы қарым-қатынасты кішігірім романтикалық тосын сыйлар нығайта түсетінін ұмытпаңыз.

Мансап

Келісім-шарттарды оқымай қол қоюдан сақтаныңыз. Осы айда алданып қалуыңыз мүмкін. Мұнымен қатар, атақ-дәрежеңізге нұқсан келуі мүмкін. Қай істі бастамас бұрын, барлығын алдын ала жоспарлап алыңыз.

Табысты күндер: 3, 6, 10, 20, 24, 29
Жағымсыз күндер: 2, 9, 25

Тауешкі. Бұрынғы қағидаларыңыздан түбегейлі бас тартып, өміріңіз толықтай өзгереді. Түстеріңізді талдап, түйсігіңізге сенім артатын уақыт келді.

Денсаулық

Майлы және ащы тағамдар салдарынан асқазаныңызға ота жасалуы мүмкін. Сол себепті, олардан әзірге бас тартыңыз. Тіс дәрігеріне барып, толықтай емделгеніңіз жөн. Күннен қорғанып, көбірек жүзуге тырысыңыз.

Махаббат

Сезімін білдірген жандардың бетін қайтаруға асықпаңыз. Яғни оларға дөрекі мінез көрсетпегеніңіз жөн. Сүйіп тұрып, тәкаппарлық танытудан аулақ болыңыз. Ай соңына қарай екі адам арасында маңызды таңдау жасайсыз.

Махаббат

Әйел адамдар бақытқа кенеліп, нағыз романтиканың дәмін тататын болады. Екінші жартысын іздеп жүрген жандардың жолы болады. Сіз әріптесіңізге ғашық болып қалуыңыз мүмкін.

Мансап

Қалтаңыз қалыңдап, көптеген мүмкіндіктердің есігі ашылады. Бұл айда құмар ойындардан сақтаныңыз. Әйтпесе, тақырға отырып қалуыңыз мүмкін. Тақырға отырған жағдайда отбасыңыздан да, жұмысыңыздан да айырылып қалуыңыз мүмкін.

Табысты күндер: 1, 4, 9, 13, 19, 22, 27
Жағымсыз күндер: 11, 18, 28

Суқұйғыш. Көптеген қиындықпен бетпе-бет келесіз. Адамды жақсы тани білу қасиетіңіздің арқасында көптеген келеңсіздіктердің алдын аласыз. Мүмкіндік туып жатса, кезекті демалыс алуға асығыңыз.

Денсаулық

Омыртқаңыздың саулығына мән беріңіз. Беліңізде ауырсынуды сезінсеңіз, арнайы мамандарға жолығыңыз. Маусым айында көбірек қимылдауға тырысыңыз. Шашыңыздың саулығын қайта қалпына келтіру үшін тек табиғи өнімдерді пайдаланыңыз.

Махаббат

Ерекше естеліктерге орын табатын уақыт келген сияқты. Сүйіктіңіз сізді күн сайын таңқалдыратын болады. Жеке өміріңіз түбегейлі өзгереді. Ең бастысы, сенімді серік таңдауда шатаспаңыз. Мысалы, бикеш.

Мансап

Жұмыс мәселесінде көптеген қиындыққа тап боласыз. Майда-шүйдеге мән бермейтін болсаңыз, жұмысыңыз құрдымға кетуі мүмкін.

Табысты күндер: 3, 6, 10, 15, 22, 29
Жағымсыз күндер: 14, 19, 28

Балықтар. Кез келген адамның жетегінде жүруден шаршаған жоқсыз ба? Өміріңіздің тізгінін қолға алатын уақыт келген сияқты. Ең бастысы, рухани байлықтың не екенін ұмытып кетпеңіз.

Денсаулық

Жұлдыздар денсаулығыңызға барынша сақ болуға кеңес береді. Дұрыс тамақтану туралы көбірек ойлануға тырысыңыз. Балық пен ірімшіктің сіз үшін пайдасы мол болмақ. Маусым айында белгілі бір спорт түрін қолға алуыңызға болады.

Махаббат

Романтиканы еске алып, сүйіктіңізге жылы қарым-қатынас танытыңыз. Отасқандарыңызға 20-30 жыл болса да, кешкілік ас ұйымдастырыңыз. Қандай жағдай болмасын, өткен өміріңіздегі қиындықтармен қоштасатын уақыт келді.

Мансап

Бәсекелестеріңізге мұқият болыңыз. Олар алдыңызды орап кетулері мүмкін. Ақылыңыз бен зеректігіңіз өзіңізге серік болады. Мұнымен қатар, әріптестеріңізбен, бастығыңызбен ренжіспеуге тырысыңыз.

Табысты күндер: 1, 4, 9, 12, 17, 22, 30
Жағымсыз күндер: 2, 14, 25

Талқылау