Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"200 мың теңге аудардым": Мақпал Жүнісова әріптесі Мадина Сәдуақасованың анасын 70 жасымен құттықтады

Фото: Видеодан скриншот

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші сіңлісі Мадина Сәдуақасованың анасына ерекше сыйлық жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің анасы 70 жасын дүркіретін атап өтті. 

“Мадина сіңілім анасының 70 жасын жасап, соны тойлап қайттық. Ата-анасы бар адам ең бақытты бай адам. Алланың берері көп болып, ғасыр тойын тойлаңыздар!”, – деп жазды халық әртісі. 



Одан кейін мерейтойға қандай сыйлық әкелгенін де жасырмады. 

“Ақ шапан әкелгенім дұрыс болыпты. Өзіңізге жараса кетті. Тастамай киіп жүріңіз. 200 мың теңгені Мадинаға бердім. Ұнатқан сақинаңызды сатып аларсыз”, – деді Мақпал Жүнісова. 

Сондай-ақ тойдан өзі де құр қол қайтпағанын көрсетті. 

“Мадина сіңлім анасының тойынан маған сөмке сыйлады. Осындай етігім бар еді. Жақсы болды, ұстап жүретін боламын”, – деп қуанышын жасырмады өнер иесі. 

Еске салайық, халық әртісі Сәкен Майғазиевтің ұлының тойына 1 миллион теңге бергенін жазған едік. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 06 Қазан, 2025 12:26
Талқылау