Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"20 жыл бұрын сен дүниеге келгенде": Меруерт Түсіпбаева ұлын туған күнімен ерекше құттықтады

Меруерт Түсіпбаева 20 жасқа толған ұлын құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады. Желідегі оқырмандары анасы мен ұлын бірдей құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

“Балам, 20 жасың құтты болсын! 20 жыл бұрын сен дүниеге келгенде, дәрігерлер мені жансақтау бөліміне жіберіп, сені әжеңнің қолына ұстатқан еді... Наркоздан ояна салып, сені іздегенмін... Мен сені алғаш көрген сәттен-ақ жанымдай жақсы көргенмін.... Бетіңе үңіліп, шынымен мен ана атандым ба? Мынау менің балам ба деп өзіме разы болғаным есімде.... Досым куә, сен сәл ауырып қалсаң, өліп қалады деп қорқып, жедел жәрдем шақыратынмын.... Уақыт қандай жүйрік....

Құдайдан бір, адамнан бір жалынып сұрап алған, көзімнің ағы мен қарасы, бір тал балам, жорытқанда жолың болсын!! Майами уақыты бойынша, сені ертең құттықтаймыз… Жақсы тілек көптік етпейді... Ең бастысы - аман бол!! Бақытты бол!! Өз жолыңды, өз бағыңды табуға нәсіп етсін, Аллах жар болсын!”, – деп құттықтады әнші ұлын.

Анасының айтуынша, ұлы Майами қаласында. Жалғыз ұлы 20 жасын шетелде атап өтуді жөн көрген.



“Мықты азамат болсын балаңыз”, “Ұлыңыздың туған күні құтты болсын! Мықты азамат болсын!”, “Ұлыңыздың туған күнімен! Өмір жасы ұзақ, дені сау, бақытты болсын, алар белестері көп болсын, сізге рахатын көрсетсін”, “Туған күні құтты болсын, адал келін әкелсін. Аман болыңыздар”, “Құтты болсын арман мақсаттарына жете берсін, көз қуанышыңыз болсын!”, “Алла бақ берсін! Өмір жасы ұзақ болсын! Туған күні құтты болсын!”, “Туған күні құтты болсын! Балаңыз ешқашан ауырмасын”, – деп жазды желідегілер.

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 12 Тамыз, 2021 16:55
Талқылау