Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева: Күйеуім әдемі жігіт еді, оны ұнатқан қыздар көп болды

Меруерт Түсіпбаева өзінің халыққа қалай танылғанын айтты. Әнші алғашқы бейнебаяны арқылы көпшілікке танылған. Алайда өзін танытқан режиссер 23 жасында өмірмен қоштасып кете барды. 

«Жаным ашып кетеді»: Меруерт Түсіпбаева оқушыларға сыныпты тазалатуға қарсы шықты

Бұл туралы "Жарқын жүздесу" бағдарламасындай айтылды.

Меруерт Түсіпбаева өзінің "Қимай сені барамын" атты әнімен танылғанын айтты. Әнді композитор Төлеген Мұхамеджанов жазған. Автор әнін Меруерт Түсіпбаева орындағанын қалаған екен.

"Мұхамеджанов аға жаңа әншіні шығарысы келген. Әнінің жаңа әнші шырқағанын қалады. Бұл ән менің меншігімдегі ән емес. Мен сатып алған жоқпын. Кастинг арқылы мені таңдап алды. Менен кейін де біраз әнші шырқап жүр. Мен осы әнмен танылдым. Мадина Балғабаеваның досы болатын. Жас режиссер еді. Соған айтып жатып бейнабаян түсірдік. Бейнебаянда жолдасым да бар. Кейін жолдасым екеуміздің тағдырымыз бейнебаяндағыдай мазмұнда болды. Біз айырылысып кеттік. Бір камерамен, бір күнде түскен бейнебаян мені халыққа танымал етті. Күйеуім екеуміз ол кезде жатақханада тұратынбыз. Мен жұлдыз болып ояндым", - деді Түсіпбаева. 

Әнші халық алдында өзін танымал еткен марқұм режиссердың рухына бас иді. 

"Мені танымал еткен жас режиссер 23 жасында өмірден өтіп кете барды. Менің оған алғысым шексіз, көпшілік алдында бас иемін", - деді әнші. 

Түсіпбаеваның танымалдығы арта бастағанымен, отбасында қиындық туындай бастаған. 

"Өнер адамының жолдасы болған қиын. Мүмкін мен басқа сала маманы болғанда бәрі басқаша болар ма еді. Мені ұнатқан жігіттер көп болды. Сұрақтар туындай бастады. Қызғаныш болды. Ол да әдемі жігіт еді. Ұнатқан қыздар көп болды. Осылайша сезімге селкеу түсті", - деді Меруерт ханым.

Белгілі сазгер, әнші Ұлықпан Жолдасов Меруерттің "Қимай сені барамын" әнін өз аймағында айтып танылғанын мойындады. 

"Жаңа шығып жатқан әнді мен де шырқадым. Тойларға алып шықтым. Елдің бәрі сол үшін долларлап ақша берді. Менің де танымалдығым артты. Бірақ өз аймағымда таныла бастадым. Меруерт оны білмейтін шығар", - деді Жолдасов. 

Талқылау