Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 жастағы алматылық жүкті әйелдің өлімі: Перинаталды орталықтың директоры жұмыстан қуылды

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының перзентханасында қайтыс болған 20 жастағы алматылық қыздың өлімінен кейін клиника директоры Эльмира Жақашева жұмыстан босатылды.

20 жастағы алматылық жүкті әйелдің өлімі: Перинаталды орталықтың директоры жұмыстан қуылды

 

Еңбек келісім-шартын бұзу туралы бұйрық Altynay B есімді инстаграмм пайдаланушысы өз парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл ақпаратты Перинатология және балалар кардиохирургия орталығы да растады.

«Бұйрықты қалалық денсаулық сақтау басқармасы берді», – деді орталықтың директоры Әлия Аймағамбетова.

Жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Жақашевадан кейін оның әріптесі Татьяна Занилова да өз қалауымен жұмыскан кеткен екен.

Бұдан басқа, автор жұмыстан кеткен дәрігерлердің жоғары кәсіби маман екендерін де айта кетті.  Ол Жақашева жасаған күрделі оталарды еске түсіруді сұрайды. Автордың сөзінше, басқа дәрігерлер жасағысы келмей, қабылдамаған оталарды Жақашева өз моймына алған.

«Эльмира Қоқайбайқызы қан қысымы 200-ге көтерілгеніне қарамастан, дәрі қабылдап бірнеше сағат бойы анасы мен баласын және жатырды сақтап қалу үшін жанып салып жатқанда басқалары оның ісінен мін іздеп, аяғын шалып қалғысы келді. Әртүрлі әрекеттер жасап оның денсаулығына зиян келтірді. Оған дөрекілік көрсетіп, қорлады. Ол тәулігіне 5 күрделі ота жасайды. Эльмира Қоқайбайқызы ешқандай қиындыққа қарамастан, өз борышын әділ атқарып жүрді. Мұндай сенімді, білікті және кәсіби дәрігерлер жоқ! Ол кісінің мазасын алуды қойыңыздар, оған және оның командасының жұмысына кедергі келтірмеңіздер. Денсаулығында кінәрат бар жүкті әйелдерді енді кім босандырады. Бұл дәрігерлер секілді жауапкершілікті мойнына арқалай алатын мамандар енді жоқ. Болашақ дәрігерлерді енді кім оқытып, үйретеді?»,- дейді Altynay B.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте 7-сынып оқушысы бала босанды 

Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз желіде танысқан адамдардың үйінде жасырынған

Көкшетау тұрғыны соғыста жоғалып кеткен атасы туралы 76 жылдан кейін хабар алды

Талқылау