20 мың теңгелік купюра әлемдегі ең әдемі ақшалар тізіміне кірді
2015 жылы әлем бойынша 150-ге жуық жаңа банкнот шыққан. Сарапшылардың сөзінше соңғы купюралардың ең әдемілері Жаңа Зеландия, Швеция, Ресей, Қазақстанда жарық көрген.
Жаңа Зеландияда шыққан 5 долларда Эверестті тұңғыш бағындырған Эдмуедом Хилларидің суреті бар банкнот халықаралық бірлестіктің пікірінше ең әдемісі. Онда Хиллариден бөлек Кука тауы, елдің картасы бейнеленген.
Швеция 20 крон банкнотына балалар жазушысы Астрид Линдгренді бейнелеген.
Ресейдің 100 рубльне Қырымның суреті салынған.
Қазақстанның теңгесі осымен үшінші мәрте ең әдемі ақшалардың қатарына қосылып отыр. Жаңадан шыққан 20 мың теңгеде Қазақ елі монументі бейнеленген.
Шотландтықтар 5 фунтқа Форт-Бридж көпірін салған инженер Вильям Арроланың суретін бейнелеген.
Талқылау