AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокурор Алматыға 20 мың шетелдік террорист басып кірді деген ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге 20 мың шетелдік террорист қатысты деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгінде 19 шетелдік ұсталды. Олар – Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан азаматтары. Олардың бәрі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан. 20 мың шетелдік террорист болған жоқ, сіздер мұны қайдан алғандарыңызды білмеймін", – деп жауап берді Асылов мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қазір Қаржы мониторингі агенттігі мемлекеттік төңкерісті ислам радикализмінің өкілдері қаржыландыруы мүмкін деген болжамды тексеріп жатыр.



Айта кетсек, қаңтар айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына 20 мың содыр басып кірді деп мәлімдеген болатын. 

Бұдан бөлек, Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандар саны бойынша айырмашылықты түсіндірді. Мәжіліс отырысында Бас прокуратура 230 адам, ал Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова 238 адам қаза болғанын мәлімдеген еді.

"Әзімова тергеу изоляторларына қамалғандарды да санаған. Олар бұрын қамауға алынғандар, науқастар көп болды, ол жалпы санын алып отыр. Әзімова айтқан 8 адам қаңтар оқиғасына қатысқан жоқ", –  деді бас прокурор.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр