"20 миллионнан сәл жоғары": Энергетика министрі қанша табыс табатынын айтты

Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов мәжіліс кулуарында декларацияда қанша кіріс көрсеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Брифинг кезінде Ерлан Ақкенжановке бұрын тапсырған табыс декларациясы туралы сауал қойылды. Министр қосымша табысы жоқ екенін, тек жалақысы бойынша декларация тапсырғанын айтты.
Журналист жалақының нақты мөлшерін сұрады. Осылайша декларацияда көрсетілген табысты министр атаған айлық мөлшерін салыстырмақ болды.
“Айына 1 миллион 200 мың теңге жалақы аламын”, – деді министр.
Журналист министрдің сыйақы алғанын нақтылап, декларацияда көрсеткен соманы айтуын сұрады.
“Бізде сыйақы төлемдері бар, олардың бәрі көрсетілген. Шамамен 20 миллион теңгеден сәл асады”, – деп министр жылдық табысын ашық айтты.
Ол бұл сомаға тек жалақы мен сыйақылар кіргенін атап өтті.
Бұған дейін депутат Азат Перуашев "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасының табысын сынға алған еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан