Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 маусымда ел аумағының басым бөлігінде жауын жауады

20 маусымда Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Безымянный

Ақмола, Қызылорда, Павлодар облыстарында, Маңғыстау, Қостанай облыстарының  күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Ақтөбе, күндіз  Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болады. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай болады, бұршақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, найзағай болады, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі, Маңғыстау облысында қатты ыстық, кей жерлерінде өте аптап ыстық болады.

Талқылау