Басты жаңалықтар
20-қабаттағы терезеде ілініп тұрған: Астанада күзетші баланы құтқарып қалды
Әлеуметтік желілерде "Highvill Astana" тұрғын үй кешенінің терезе жақтауында ілініп тұрған баланы күзетші құтқарып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
19 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында "Ramad" ЖШС пультіне – аға кезекші Төреқұлов Нарұл Батырқұлұлына аталған үйдің С блогында 20-қабаттағы терезеде бала ілініп тұрған туралы ақпарат түскен.
Күзетші дереу жоғарыға көтеріліп, пәтерге енген. Баланы терезе жақтауынан тартып алып, ішке кіргізген. Солай, оның өмірін сақтап қалды.
"Баланың 10 жасар қыз екені белгілі болды. Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы, ата-анасына тапсырылды", - делінген хабарламада.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған