Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 дана таблетка ішкізіп, алып кеткен: Шымкентте жоғалған азаматты тапты

8 қазан күні жоғалып кеткен Шымкент тұрғыны Александр Юговты тапты. Оның суретін әлеуметтік желілерде жанашыр адамдар таратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеп. 

шымкент

Жігіттің анасы Марина Югова айтуынша, ұлын қандай да бір таблеткалармен "тойдырып" белгісіз бағытта алып кеткен. Қайта келгенде ұлының дені сау болмаған. Александр Юговты қалалық дендропарк жанындағы жол бойында жүрген жерінен табылды. 

"Бізге көмек көрсеткен адамдарға алғыс та айта алмай отырмын. Өйткені, мүлде бейтаныс адамдар. Біздің осындай ауыр жағдайымызды көріп, қол ұшын береді деп күтпедік. Баламның айтуынша, ұрылар машинаға отырғызып алып кеткен. Ары қарай не болғаны есінде жоқ. 20 дана таблетканы ішкізген соң, ұлым шок алып қалған. Қазір оған екпе жасап жатыр, барлық талдауларды тапсырдық, нәтижесін екі күннен кейін аламыз", - дейді Марина Югова.

Жас жігіт өзін ұрлап кеткендерден жанармай бекетіне тоқтағанда қашып құтылған. Александр бір тәуліктен көп уақыт қалаға қарай жүрген.

Жергілікті полиция Александра Юговты ешкім ұрламағанын айтады. Жоғалған баласын іздеген ананың арызын қабылдаған ПД бөлімі іздестіру шараларына сақадай сай тұрған. Анасының қуанышына орай, баласы дер кезінде табылды. 

Талқылау