"Қандыағашта әлі Жаңа жыл": Ақтөбе облысында көшедегі LED-экран тұрғындардың ашуын туғызды (видео)
Фото: Видео кадрларынан скрин
Ақтөбе облысының Кандыағаш қаласында қала орталығындағы көпқабатты үйдің қабырғасына орнатылған LED-экранда жаңажылдық құттықтау видеосы шілденің соңына дейін көрсетіліп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жағдайды әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындардың бірі жариялап, жергілікті биліктің немқұрайлығына ашуын білдірді.
"Күнде осы жерден өтемін, шілденің соңы болды ғой. Ал экранда әлі де Жаңа жылмен құттықтап жатыр. Осыны тексеріп, ауыстыру қиын ба?" – деп жазды ол видео астында.
Мұғалжар ауданы әкімдігі жағдайдан хабардар екенін және мәселе шешіліп жатқанын хабарлады. Айтуларынша, экран бағдарламалық ақауға байланысты қате жұмыс істеп тұр.
"Экран Кандыағаш қаласы әкімдігінің балансында. Бұрын орнатылған экранның бағдарламасында ақаулар бар. Қазір ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Экранды пайдалануға немесе қызмет көрсетуге бюджеттен қаражат бөлінбейді", – деп түсіндірді әкімдік өкілдері.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"