Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 жасар қыз әжесіне әкесінің анасын қалай өлтіргенін айтып берген

Николай Косянов 2015 жылдың мамыр айында өзінің әйелі Гүлнұр Тәжібенованы буындырып өлтірген. Дәл осы қорқынышты көріністі екі жасар қызы да көрген екен. Ол бұл туралы әжесіне айтып берген. Дәл қазір азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Десе де Гүлнұр Тәжібенованың анасы Любовь Федотова енді немересінен айырылып қалудан қорқып жүр.

ампы

Бұл туралы «Другая правда» бағдарламасында айтылды.

«Қызым өлтірілген үйде қазір туысқандарымыз тұрып жатыр. Мен оларға өтініш білдірген болатынмын. Қызымның өлімінен кейін бұл жерде тұра алмадық. Қайғылы оқиға болған күні мен жұмысқа әдеттегіден ерте кеттім. Сағат алты жарым шамасында қызыма хабарласып, оны оятпақ болдым. Алайда ол тұтқаны көтермеді. Балабақшаға хабарласқан едім, немеремді ешкім ол жерге алып келмепті. Қатты қорқа бастадым. Көршілерге хабарласып, Валяны үйге жібердім. Ол маған телефон арқылы Софияның жылап жатқанын айтты», – дейді Любовь ханым.

Бірнеше жыл бұрын Гүлнұр Тәжібенова интернет арқылы жігітпен танысқан. Әлгі жігіт өзінің атының Богдан екенін айтқан. Алайда оның шын аты Николай Косянов болып шықты. Кейін екеуі бірге тұрып, қыздары дүниеге келеді. Николайдың ұрып-соғуы көбейген соң Гүлнұр анасының қасына көшіп келеді. Алайда азамат 27 жастағы Гүлнұрге сес көрсетіп, енесіне де тиісе бастайды. Бұл әрекеттерін тоқтатпаған соң Любовь Федотова бірнеше рет полицияға барған-ды. Алайда құқық қорғаушылар кейуананың арызына еш мән бермеген.

фйы

«Олар бірде татуласып, бірде ұрысып қалатын. Отбасылары дұрыс болды деп айта алмаймын. Николай қызымды бәрімізден алыстатуға тырысты. Оған достарымен де, туысқандарымен де араласуға тыйым салды. Тіпті қол көтерген кездері де болған екен. Маған бұл туралы ешқашан айтпаған. Ал бет-аузы көгеріп жүрген кезде, менімен кездесуден қашқақтайтын. Өзі көпшіл жан. Дұшпандары ешуақытта болмаған. Үнемі бәріне көмектесіп жүретін. Бұл жалғанда мысықты да теуіп көрмеген шығар. Кешіріңіздер, мен бұдан артыққа шыдай алар емеспін. Қызым, мені кешірші… Николай қызымды немеремнің көзінше өлтіріпті», – дейді Любовь Федотова.

София анасының өлімінен кейін аталған үйге алғаш рет кіріп отыр. Әжесі немересін бұл үйге көп уақыттан бері әкелмеген. Қазір қыздың есінде ешнәрсе жоқ.

«Мен полиция бөлімшесіндегі Самат деген азаматқа бірнеше рет хабарластым. Әлгі жігіттің қызыма күн көрсетпей жүргенін айттым. Нәтижесінде ешқандай тергеу жұмыстары жүргізілмеді. Қызым өлгеннен кейін сол азаматты жолықтырдым. «Ал енді не дейсің, Самат?» дедім. София қазір анасы туралы сұрамайды. Ол барлығын ұмытып кетті. Қазір жиенімді “ана” деп атайды. Оның үстіне жиенім Гүлнұрге қатты ұқсайды, аралары бір-ақ жас. Біз аса мән бермесек те, Софияның тілі ерте шыға бастады. Ол маған барлығын баяндап берді. Қызым, мені тағы да кешір! Сол күні жұмысқа әдеттегіден ерте кетпеуім керек еді. Қатты өкінемін. Немеремнің саған ұқсап өсуі үшін барлығын жасаймын», – дейді әйел.

пиак

Николай Косянов қазір тергеуде болса да, Любовь ханымның жүрегі жай табар емес. Бірінші қызынан айырылған кейуана енді немересінен көз жазып қаламын ба деп қорқады. Күйеу баласы енді немересін алып кететінін айтып қорқытқан екен.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Сұлулығын сақтап қалғысы келген қазақстандық әйел бала туудан бас тартты

Әйелі сотталған қазақстандық азамат қызын тастап, көлікті алып қашқан

Күйеуінен күдіктенген әйел оның қалтасына мүшеқап салып беріп жүр

Қазақ жігіті салақ әйеліне үй шаруасын үйрете алмағанын айтып налыды

Талқылау