2 жасар бала маймылдардың тілін тауып, дос болып алған (фото)
Үндістанда 2 жасар Самарат Бангардың маймылдармен қалай достасып алғанын ешкім білмейді. Бірде тұрғындар бүлдіршіннің 24 маймылдың ортасында отырғанын көрген. Ол маймылдарды тамақтандырып, олармен түрлі дыбыс және ым-ишараның көмегімен тілдескен. Бұл жануарлар кейде озбырлық көрсетуі мүмкін болғанымен, олар бүлдіршінді айналшықтап, достық ниет білдірген, деп хабарлайды Stan.kz.
Самарат әлі сөйлей алмайды. Бірақ ол маймылдардың тілін таба білген.
Бүлдіршіннің туыстарының айтуынша, оған жануарлар күнде белгілі бір уақытта келеді екен. Тіпті Самарат ұйықтап жатса да, маймылдар баланы оятып алып, 1-2 сағат көлемінде ойнайды.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, сұр лангурлардың мұндай әрекеті адамды таңдандырады. Сондықтан бүлдіршін мен маймылдардың достығы көпшілікті қайран қалдырған.
Ендігі адамдар заманауи Мауглиді өз көзімен көру үшін, Самарат тұратын ауылға арнайы келуде. Бүлдіршін маймылдардың тілін таба алғандықтан, барлығы оны ерекше бала санайды.
Бір қызығы, маймылдар басқа бүлдіршіндерді өз қатарларына қабылдамайды екен. Олар жақсындаса болғаны, маймылдар бірден озбырлық таныта бастайды. Олар тек Самаратпен дос болғысы келетін тәрізді.
Тағы оқыңыз: Сүтқоректілер туралы қызықты 10 мәлімет