"2 жасар бала әкесін жұмысқа жібергісі келмеген": Бала құқықтары жөніндегі уәкіл кеншілердің үйіне барды
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қарағанды облысында қаза болған кеншілердің отбасымен кездесіп, үйлеріне барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол отбасылардың қазіргі өтіп жатқан қиындықтарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес екенін айтты. Оның айтуынша, апат салдарынан көз жұмған 10 кеншінің артында кәмелетке толмаған балалары қалған.
Закиева Президенттің тапсырмасы бойынша кеншілердің балаларымен және туыстарымен психологиялық қызмет, сондай-ақ әкімдік пен түрлі мемлекеттік органдар жұмыс істейтінін атап өтті.
Фото: instagram/zakiyevadinara
“Бір кеншінің 2 жасар баласы әкесін жұмысқа жібергісі келмей, аяғынан ұстап тұрған суреті қалыпты. Тағы бір кеншінің анасы ұлының жұмысқа кетерінде мәңгіге кетіп бара жатқандай қоштасқанын есіне алып жатыр”, – деп жазды ол инстаграмдағы парақшасында.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”