Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 триллион теңге: Тоқаев Ұлттық қордан алынатын трансферт туралы заңға қол қойды

Президент ұлттық қордан 2025-2027 жылдары алынатын кепілдендірілген трансферт туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада. 



Сонымен қатар президент "2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға да қол қойды. 

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қордан қосымша 2 триллион теңге алынатыны туралы жазған едік. Сенат депуттары Ұлттық қордан трансферт алу жөніндегі заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді. 2 триллион теңге аймақтарды дамытуға және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталмақ.

Талқылау