Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2 мың адам шақырамыз": Сәкен Майғазиев ұлының тойына дайындығын көрсетті

Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/

Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына қалай дайындалып жатқанын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі тұңғышы Әділетті үйлендіріп, жаңаөзендіктермен құда болмақ. 

“Біз тойымызға 2000 адам шақырамыз деп отырмыз. Сенесіз бе? Екі мың адам! Біреуі “келем” дейді, біреуі “көреміз” дейді, біреуі – мүлде үнсіз. Сөйтсек, ең қиын нәрсе – кім нақты келетінін анықтау екен. “Келесің бе, келмейсің бе – бір ауыз айтсаңшы!” деп айтқың келіп кетеді. Осы сәтте түсінгенім: келесі жолы өзім шақырту алсам – бірден жауап берем! Ал сізде қалай болды?! Қонақ тізімін жасағанда қандай қиындыққа тап болдыңыз?!” – деп жазды әнші.


  • "Неден бастарымызды білмей отырмыз": Сәкен Майғазиев көпшіліктен кеңес сұрады

  • "Келін түсірмесек, істемейміз": Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындығын көрсетті


Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, той өткізудегі тәжірибесін бөлісіп жатыр. 

“Басқа тойды тойламасаң тойлама, Әділеттің үлкен тойы тойлансын!”, “Тойдың болғанынан, боладысы қызық деп бекер айтпаған, оң болсын, құтты болсын!”, “Той жасау мәдениетінің біраз тетіктері талқыға шығатын болыпты”, “Тойдан 2-3 күн бұрын анық келетін-келмейтінін сұрап біліп аламыз”, – деп жазды көпшілік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 29 Мамыр, 2025 15:08
Талқылау