2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі 8 жылға сотталды
Фото: Риддер әкімдігінен
Шығыс Қазақстанда Риддер қаласының бұрынғы әкімі Даулет Батырбаевқа 2 миллиард теңге мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкіммен бірген тағы екі адам да жауапқа тартылды.
Соттың анықтауынша, олар Өскемен мен Семей қалаларындағы көше шамдарын жаңарту жобасына қатысқан. Алайда бұл жұмыс барысында жалған құжаттар рәсімдеп, жұмыстардың құнын асырып көрсетіп, бөлінген қаржыны иемденіп отырған.
2022–2023 жылдар аралығында бірнеше айдың ішінде олар осылайша ірі көлемде қаражат ұрлаған. Айыпталушылардың бірі қылмысты ашуға көмектескен. Бұл жайт сотта жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алынды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн