2 метрден асады: Алып қазақ актерлері Қырғызстанда қызу талқыға түсті (фото)
Ұлттық киімдегі бойлы, еңселі қазақ жігіттерінің суреті Қырғызстанда қызу талқыға түсті. Қазақтың “алып-батырларын” айырқалпақты ағайындар алтайлықтармен шатастырып алды.
Бұл туралы Sputnik Қырғызстанға сілтеп Stan.kz хабарлайды.
“Арлан жете” ұлттық костюмдер театрының дилекторы Асхат Халимовтың айтуынша, жұрт қызу талқыға салған әртістер Қазақстаннан келген.
“Бұл біздің “Арлан” театрының жігіттері. Оңнан солға қарай қарайтын болсаңыздар, шеттегі екі жігіт ғұн, одан кейінгілері түрік, қыпшақ, ғұн және қазақтың ұлттық костюмдерінде тұр. Бұл шетелде емес, нақты Қазақстанда түсірілген сурет”, – деді Халимов.
Көпшілік аталған фото 2017 жылдың шілдесінде Мәскеуде өткен алтай өркениеті форумы кезінде түсірілген деп болжам жасалды. Алайда Халимов оны жоққа шығарды. Ол суреттегі екі актердің тек қана Қазақстанда өнер көрсететінін мәлімдеді.
Халимовтың айтуынша, театр артистері отандық мәдениетті насихаттаумен айналысады. Бір ерекшелігі – театр актерлерінің бойлары 2 метрден асады.
Жіберіп алмаңыз:
Қыз баланы армандаған Мұқасан төртінші ұлын перзентханадан ерекше ырыммен алып шықты (фото)
Мөлдір Әуелбекова қарияға дөрекілік танытқан Төреғалиді жақтап сөйледі
Қазақ әжелері Қытайда таланттар шоуын бағындырды (видео)
Жомарт жанды Тәуекел: Актер мұқтаж отбасыға көмек көрсетті (фото, видео)