Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2 аптада 1 миллиард теңге": Құралай Анарбекованың фильмі рекорд орнатты

Танымал актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова жақсы жаңалығын сүйіншіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kuralay_corich/

Наурыз айының басында “Брат или Брак 3” фильмі жарыққа шыққан еді. 

“Қуанышты жаңалық! Біздің фильм миллиард теңге жинады! "Брат или Брак 3" Голливудтың ең мықты жұлдыздары мен қомақты қаржыға түсірілген "Дюна 2" блокбастерінен касса жинау жағынан басып озды. Бастысы, сіздерге көрермен, көп рақмет! Міне, екінші апта болды сіздердің арқаларыңызда голливудтық емес, қазақстандық төл туындымызға қолдау көп болып жатқаны қуантады!”, – деп жазды жеке парақшасында актриса. 



Айта кетейік, кинопродюсер фильміне түсетін актерлар өте көп гонорар сұрағанын жасырмаған еді. 

“Олжас Абайға 5 миллион теңгеден артық төледік. 1 күн ғана киноға түссе де, ешбір актер миллионнан кем алған жоқ. Біздің продакшн фильм түсіреді дегенін естісе, барлығы гонорарын көтеріп жібереді. Тек актерлық құрам емес, басқа да қызметкерлер өздерінің табысын көтеріп айтады. Нұрлан Сабыровқа 20 мың доллар төлеуге дайын едім. Бірақ оның жұмыс кестесі тығыз болғандықтан, бас тартты" , – деген еді Құралай Анарбекова. 

Еске салайық, актриса “Мисс Актобе” атанғанына өкінетінін жазған едік. 

Талқылау