Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франциялық әйел өз балаларына жасалған зорлық әрекетінің ұйымдастырушысы ретінде күдіктелуде

Францияның батысындағы Анже қаласы сот тергеушілері 56 жастағы әйелге қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Ол өз балаларына жасалған зорлық әрекетін ұйымдастырған болуы мүмкін деп күдіктелуде.

Бұл туралы Ouest France хабарлайды.

Күдікті – 7 баланың анасы. Үш қызы анасына қарсы куәлік берген. Олардың айтуынша, анасы 1990 жылдардың ортасында бауырымен және ашынасымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Ол кезде қыздары 15 жасқа да толмаған екен.

Сонымен қатар олар анасының достары үнемі зорлап келгенін айтты. Олар аталған қылмыстың ұйымдастырушысы ретінде анасын айыптауда.

Балаларының арызына қарамастан, анасы әлі күнге дейін қылмыстық қудалаудан құтылып келеді. Франция заңына сәйкес, қыздардың анасы қозғалған істе ерекше мәртебеге ие: ол қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін куәгер ретінде белгіленген.

3 тамызда калифорниялық Лос-Гатос қаласындағы ерлі-зайыптыларға Ресейден асырап алған баласын зорлағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. 73 жастағы Ральф Флинн 24 жылға, ал 44 жастағы әйелі 12 жылға бас бостандығынан айырылған. Ерлі-зайыптылар 2015 жылдың қараша айында тұтқындалған.

Жіберіп алмаңыз: 

Антарктидада 36 мың жаңа туған пингвин аштан қырылып қалды

Түнде клубтан қайтып келе жатқан оқушы қыз үш рет зорланған  

Ғалымдар біздің галактиканың қай жерден аяқталатынын анықтады

Көрші әйелді зорлаған жасөспірім жасаған ісінің өтемі ретінде үй жұмысына көмектесетінін айтқан

Талқылау