19 перзенті бар ана 20-сәбиіне жүкті (фото)
Ұлыбританиядағы ең үлкен отбасы саналатын Рэдфордтардың 19 перзенті бар. Сью Редфорд жуырда жиырмасыншы сәбиін дүниеге әкелмек.
Бұл туралы Mirror жазды.
Сью қуанышты жаңалықты растап, желіге отбасының суретін жүктеді. Ол 20-шы перзентін 2017 жылдың қыркүйегінде дүниеге әкелетінін айтты. Ноэль мен Сьюдің 19-перзенті Фиби өткен жылдың шілде айында туылған.
Фибиден бөлек, жұптың Крис (27 жас), Софи (22 жас), Хлои (21 жас), Джек (19 жас), Даниэль (17 жас), Люк (15 жас), Милли (14 жас), Кэти (13 жас), Джеймс (12 жас), Элли (11 жас), Эйми (10 жас), Джош (9 жас), Макс (7 жас), Тилли (6 жас), Оскар (4 жас), Каспер (3 жас) және Холли есімді сәбиі бар.
Көпбалалы отбасы мемлекеттен ешқандай да материалдық көмек күтпейді. Сыйлық таңдауға келгенде жағдай күрделі дейді Сью. Ол Рождество мерекесіне қыркүйек айынан бастап дайындалады. 19 бірдей баласына сыйлық алу үшін алдын ала жоспар да құрады екен.«Жыл бойы жоспарлауға тура келеді», – деп түсіндірді көпбалалы ана.
Ноэль мен Сью бір-бірін бала кезден сүйеді. Сью алғашқы сәбиі Кристі небәрі 14 жасында дүниеге әкелеген. Бүгінде көпбалалы ата-ананың үш немере сүйіп отырған жайы бар.
Жұп жылына балаларына 30 000 фунт стерлинг жұмсайды. Әрқайсысының туған күніне 100 фунттан, ал Рождество кезіндегі әр баланың сыйлығына 100-250 фунт аралығында ақша кетеді екен.
Бұдан бөлек, көпбалалы отбасы жыл сайын шет мемлекетте демалады. Сью алғашқыда үш бала тууды жоспарлағанын айтты. Алайда әр сәбимен бақыттары еселене түскен ата-ана үшеуден кейін де тоқтай алмаған.
Жіберіп алмаңыз:
Мына 3 ережені ескерсеңіз, сүйіктіңізбен мүлдем ұрыспайсыз
Бұрынғы нашақор қалай ел таныған миллионерге айналды (фото)
Румыниялық модель өзінің пәктігін аукцион арқылы 2,3 миллион евроға сатты
77 жыл отасқан қариялар үлгілі отбасы болудың сырын ашты (фото)