AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"18 жыл бойы мансап жолы бір университетте өткен": Депутат әлеуметтік желіде өзін сынағандарға жауап берді

Әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Мәди Елубаевтың өмірбаяны талқыға түсті. Желі қолданушылары оның 18 жыл бойы әкесі негізін қалаған бір университетте жұмыс істегенін айтып, сынаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде Елубаевтың өмірбаяны туралы ақпарат тарады. Деректерде Мәди Елубаевтың 2003 жылы Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне оқуға түскендігі, сол жылы-ақ өзі оқитын оқу орнында сабақ бере бастағаны туралы жазылған. Одан бөлек, 18 жыл бойы аталған ЖОО-да қалай лауазымы көтерілгені туралы ақпарат бар. Елубаев доцент, профессор, декан, проректор болып, 2021 жылы университет ректоры атанған.   

Бұл деректі көпшілік қызу талқылаған. Желідегілердің айтуынша, университеттің негізін оның әкесі Сағынтай Елубаев қалаған көрінеді. 

Депутат оны сынағандарға жауап беріп, ол бірнеше университетте жоғары білім алғанын айтып, 2003 жылы "Экономика және менеджмент" мамандығы бойынша жоғары білімі болғанын, сондықтан сабақ бере бастағанын айтты. 

"Алғаш жоғары білімді Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде экономика мамандығы бойынша алдым. Бес жыл оқыдым. Мырзахметов атындағы университетте әртүрлі мамандықтарға экономика негіздері бойынша сабақ бердім. Университетке құқықтану мамандығына түстім", – деген Елубаев. 

Сонымен қатар үш жоғары білімі барын айтып қалды.

“Біріншісі – Уәлиханов атындағы университетте экономика бойынша (2003), екіншісі – Мырзахметов университетіндегі заң мамандығы бойынша (2005), үшінші - Уәлиханов атындағы университетте құрылыс бойынша (2010)”, – дейді ол.



Бұнымен қоса депутат "доцент" және "профессор" атағына қатысты түсінік берді. 

"Мен расында, Мырзахметов атындағы университет профессорымын. Бұл барлық университеттегі жалпы тәжірибе. Атақ пен дәрежені шатастырмау маңызды. Кандидаттық, докторлық дәрежені қорғау керек. Бұл ғылыми дәрежелер, олар бойынша диссертациялық жұмыстар жазылады, содан кейін қорғау жүргізіледі. Атақ университет ішінде атқарылған жұмыстар мен еңбектер негізінде беріледі. 

Менде университет атағы болды. Университеттер оларды өз еңбектерін жазатын ғалымдарына беруге құқылы. Бұл, сонымен қатар, университет рейтингі үшін қажет. Егер ғалым белсенді болса, еңбектер жазады, монографиялар шығарады, ынталандыру ретінде атақ та беріледі", - деді Мәди Елубаев.

Сонымен қатар, 2011 жылы Елубаев заң ғылымдарының докторы атағын қорғаған. 

Айта кетейік, Мәди Елубаев 1982 жылы туған. 2014 жылы 32 жасында университет ректоры атанды. 2021 жылы Amanat партиясы атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр