18 рет түсік тастаған әйел ақыры ана атанды (фото)
Ұлыбританиялық Луиза Варнефорд бірнеше рет қолдан ұрықтандыру процедураларын қабылдағаннан кейін 18 рет түсік тастаған. Бірақ, ақырында Уильям есімді сәбиді өмірге алып келген.
Әйел 48 жасында алғашқы баласын босанды.
Луиза мен Марк 1999 жылы кездескен. Олар бір-бірімен отбасы құратын болып шешеді. Алайда Марктың вазэктомия (тамырды кесу) жасатқаны белгілі болады. Содан кейін олар ЭКО процедурасын қабылдай бастайды. Бірақ, бірнеше рет ұмтылыстары сәтсіз аяқталады. Ақырында 2010 жылы олар процедурадан бас тартуға шешім қабылдайды.
Ұлын өмірге әкелемін дегенше әйел 18 рет түсік тастап, 80 мың евроны ем-дом үшін тәрк еткен. Бірақ, олар болған жайға еңселерін түсірмей, тек алға ұмтылады. Осылайша әйел ақырында екіқабат болған.
Ол сәтте әйелдің жасы 48-ге келген болатын. Қазір олар кішкентай Уильямның қызығын тамашалап отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымдар 1000 жылдан кейін адамның қандай болатынын көрсетті (видео)
Forbes ең бай америкалықтардың тізімін жариялады
Атамбаев: Назарбаев туралы айтқан кезде эмоцияға салынып кеттім, менікі дұрыс болмады
Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?