Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Forbes ең бай америкалықтардың тізімін жариялады

Forbes журналы жариялаған рейтингте Билл Гейтс көш бастап тұр. Ол 24-рет АҚШ-тың ең бай адамы атанды.

Microsoft басшысының табысы 89 миллиард долларға бағаланды. Екінші орында Amazon басшысы Джефф Безос тұр. Оның табысы 81,5 миллиард доллар.

Үшінші орында 78 миллиард доллар табысымен Уоррен Баффет тұр.

Бір жыл ішінде 289 кәсіпкеркер табысын көбейтіп, 51 миллиардердің қаржысы азайып қалған. Табысы азайғандар ішінде АҚШ президенті Трамп та бар.

Трамп мемлекет басшысы ретінде қызмет еткен бір жылдың ішінде 600 миллион доллар жоғалтып, рейтингте 248 орынды иеленді. Оның дәулеті 3,1 миллиард доллар деп бағаланды.

Жалпы алғанда, АҚШ-тағы ең бай адамдары бір жыл ішінде дәулетін арттырған. Олардың жалпы жағдайы 2,7 трлн долларды құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен үш жүз миллиардқа артық, деп жазады Forbes.

Тағы да оқыңыз:

Атамбаев: Назарбаев туралы айтқан кезде эмоцияға салынып кеттім, менікі дұрыс болмады

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Ең бай қытайлық 30 жылдан соң мұнайдан да маңызды болатын затты атады

Талқылау