Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең бай қытайлық 30 жылдан соң мұнайдан да маңызды болатын затты атады

Байлығы 39 млрд доллар болатын Alibaba Group негізін салушы Джек Ма Ресейде инновациялық форумға қатысты.

Бұл туралы РБК жазады.

“Роботтардың адамдарды алмастыруынан қорықпау керек. Адамдар болашақты ойлап алаңдайды, себебі олар өздеріне сенімсіз. Қазір нақты шешім болмағанымен, келешекте бәрібір табылады. Бұл сұрақты шешуді жастардың еншісіне қалдыру керек. Планетада 7 млрд адам бар, солардың арасынан мықты идеясы барлар шығады”, – деді ол.

“Бұрында да солай болған, қазірде де адамдар робот секілді еңбектеніп жатыр. Машиналар адамды толыққанды ауыстырмайды. Бұрынғы революцияларға көз салсақ, нарық құрылымының өзгергенін байқаймыз. Енді біз соны қайтадан көреміз. Бірақ, бірінші кезекте өз тағдырымызға алаңдау керек”, – деп атап өтті Джек Ма.

Ол миллиардер болу үшін адамдар бірінші өздеріне қатты сенуі керек дейді.

“Енді 30 жылдан соң интернет мұнайдан да маңызды болады. Цифрлық технологиялар көптеген проблемалардың шешімі болмақ. Бұл нағыз дамудың көзі. Әлемде 80 пайыз адам интернет қолданады. Бұл өзгерісті біз міндетті түрде есепке алуымыз керек. Әлемге G20 (“Үлкен жиырмалық” саяси одақ) емес G200 керек”, – деді қытайлық миллиардер.

Оқи отырыңыз:

Көп балалы ана балаларын пешке жағып жіберіп видеочат арқылы әкесіне көрсеткен

Америкалық азамат ресейлік қызға үйлену үшін өз әйелін өлтіріп тастады

Pussycat Dolls тобының әншісі топтағы қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтты

Трамп 600 млн долларға кедейленіп қалды

Талқылау