Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Трамп 600 млн долларға кедейленіп қалды

АҚШ президенті Дональд Трамптың байлығы бір жыл ішінде 600 млн долларға азайып, 3,1 млрд долларды құраған.

Бұл туралы мәліметті Forbes журналы жариялаған.

Құрама штаттардың президенті құрылыс империясының иесі. Ол биылғы жылы рейтингте 248 орында тұр. Бір жыл бұрын Трамп 156 орынға жайғасқан болатын. Сарапшылардың сөзінше, Трамп сайлауалды дайындық кезінде көп қаражат жұмсаған. Сонымен қатар, оның капиталы Нью-Йорк жылжымайтын мүлік нарығындағы аса қатты бәсекелестік әсерінен де құлдыраған.

Ал байлардың көшін осымен 24 жыл қатарынан Microsoft компаниясының негізін салушы Билл Гейтс 89 млрд доллармен бастап тұр. Одан кейін Amazon интернет-ретейлерінің жетекшісі Джеффри Безос 81,5 млрд доллармен екінші орынға орналасқан.

Оқи отырыңыз:

Көп балалы ана балаларын пешке жағып жіберіп видеочат арқылы әкесіне көрсеткен

Америкалық азамат ресейлік қызға үйлену үшін өз әйелін өлтіріп тастады

Pussycat Dolls тобының әншісі топтағы қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтты

Талқылау