17 жыл құлдықта болған Теміртау тұрғыны құжатын ала алмай жүр
17 жыл бойы құлдықта болған теміртаулық біраз жыл бұрын көз жұмғандар санатына жатқызылған. Енді ол өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр. Василий Чирков қазіргі уақытта зейнетақы мен медициналық қызметке жүгіне алмайды.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Чирковтың тек паспорты мен кеңестік үлгідегі әскери билеті бар. Осыдан жарты жыл бұрын Василиді 17 жыл бойғы еңбек құрсауынан шығарды. Осы уақыт аралығында ол көз жұмған адам есебінде болды. Туыстарына оның өлімі туралы куәлік берген.
«Ол осында жарты жылдан бері жатыр. Оның жеке куәлігі болмағандықтан медициналық қызмет көрсетілмейді. Зейнетақызын да рәсімдей алмаймыз», – дейді туысы Галина Линкеевич.
Сотта Василийдің атындағы өлімі туралы куәліктің күші жойылды. Алайда, көші-қон полициясында шалғайда тұратын әйелінің төлқұжаты мен қайтыс болған баласының куәлігін сұратады.
«Мен жарты жылдан бері Галяның мойнында отырмын. 17 жыл еңбек құлдығында болған едім, енді қағаз құлдығында жүрмін», – дейді өзі.
Журналистер хабарлаған соң бір аптадан соң полицейлер қуанышты жаңалықты хабарлады.
«Оны танитындарын дәлелдеу үшін барлық туысын іздедік. Қазір оның құжаттары дайын. Облыстық көші-қон полициясына жібердік. Аптаның соңына дейін құжаттарын алады», – дейді Қарағанды ІІД-ның баспасөз қызметі Бақытжан Құдияров.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық жігіт анасына үй алып беру үшін бишілер шоуынан 3 миллион теңге ұтып алды
Қазақстанда көліктердің бағасы күрт қымбаттайды деп болжануда
2016 жылы туған нәрестелерге елімізде қойылған ең танымал есімдер