Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

17 жастағы Дастан Сәтпаев пен боксшы Аида Әбікеева "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды

Фото:Stan.kz collage

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Олардың арасында бокстан екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева мен 17 жастағы футболшы Дастан Сәтпаев та бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталмыш байқау жеңімпаздары "Ғылым" номинациясы бойынша 64, "Дизайн және бейнелеу өнері" – 19, "Спорт" – 27, "Театр және кино" – 41, "Эстрада" – 13, "Журналистика" – 16, "Халық шығармашылығы" – 41, "Қоғамдық қызмет" – 31, "Әдебиет" – 15, "Классикалық музыка" – 27 үміткердің арасынан таңдалды.

"Спорт" аталымында әйелдер арасында бокстан екі дүркін әлем чемпион Аида Әбікеева мен футболшы Дастан Сәтпаев жеңіске жетті.

Ал 17 жастағы Дастан Сәтпаев биыл "Қайраттың" үздік сұрмергені атағына қол жеткізді. Алматы клубымен ел біріншілігінде топ жарды. Чемпиондар лигасында командасының жалпы кезеңге шығуына орасан зор үлес қосты. Сонымен қатар ол 16 жасынща Англияның “Челси” клубына шақырту алды.

Ал Аида Әбікеева жыл басында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) өткізген әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Биыл Англияда өткен World Boxing ұйымдастыруымен өткен әлем чемпионатында да жеңіске жетіп, 2 мәрте әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, жалпы биыл бұл сыйлыққа 300-ден астам үміткер ұсынылып, олардың 294-і комиссияда қаралды. 

Естеріңізге салсақ, "Дарын" сыйлығы 1992 жылдан бері талантты жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі мен спорттағы жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында беріледі.

Айнұр Мұхади
Жұма, 07 Қараша, 2025 18:16
Талқылау