16 жастағы қазақстандық қыз 13 дүркін әлем чемпионын армрестлингте жеңіп шықты
Фото: Видеодан скрин
Түркістан облысындағы Шардараның тумасы Ұлболсын Елмурат Болгарияда өткен жарыста 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын қапы қалдырып, алтын жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Финалда ол армрестлингтің аңызға айналған спортшысы, 13 дүркін әлем чемпионы словакиялық Лусия Дебранованы жеңіп, сенсация жасады.
Бұл чемпионатта Қазақстан құрамасы үшін тағы бір тарихи жетістік тіркелді: бір отбасының үш ұлы да әлем чемпионы атанды. 14 жастағы Бекнұр, 15 жастағы Азамат және 18 жастағы Әділет Ибрагим өз салмақ дәрежелерінде жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко Counter-Strike бойынша өткен FISSURE Playground 2 турнирінде үздік ойыншы атанған еді.
Испан клубтары "Қайрат" командасының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қызығушылық танытты – БАҚ
Әлем чемпионатынан жүлде алған қазақстандық боксшыларға 100 мың долларға дейін сыйақы табысталды
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында 7 алтын жеңіп, топтық тізімде көш бастағаны туралы жазған едік. Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 68 елдің арасынан бірінші орын алды. Ерлерден Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанса, қыздар арасында Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова алтын медаль жеңді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жетістікті “тарихи оқиға” деп атап, спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
