Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 жасқа дейінгі балалардың YouTube-та тікелей эфир жүргізуіне тыйым салынады

16 жасқа дейінгі балаларға YouTube-та тікелей эфир жүргізуге тыйым салынадыФото: freepik.com

YouTube тікелей эфир жүргізу ережелерін жаңартты. Енді 16 жасқа дейінгі балалар ересек адамсыз жеке эфир жүргізе алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

YouTube видеохостингі 22 шілдеден бастап тікелей эфир жүргізу үшін ең төменгі жас мөлшерін 16 жасқа дейін көтереді. Жас шектеуінен кіші жастағы қолданушылар тек ересек адамның қасында эфир жүргізе алады.

"Ересек адам тікелей эфирде анық көрініп, сіздермен қатар эфирге қатысуы тиіс", – делінген YouTube хабарламасында.

Жаңа ережені бұзған жасөспірімдердің тікелей эфир жүргізу мен тікелей чатта қатысу құқығы шектеледі. YouTube бұзушылықтары бар эфирлерді өшіріп отыратынын мәлімдеді.

"Шектеулері бар аккаунттар басқа арнада тікелей эфир жүргізе алмайды. Мұны жасауға тырысқандардың ааккаунттары өшірілуі мүмкін", – делінген ескертуде. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық ата-аналар енді балаларының Instagram аккаунттарын бақылай алатыны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 27 Маусым, 2025 22:13
Талқылау