"16 маусымнан бастап ипотека беру тоқтайды": Банктер ақпаратты түсіндірді
Фото: pixabay.com
Желіде Қазақстандағы кейбір банктер 16 маусымнан бастап ипотека беруді тоқтатады деген ақпарат тарады. Алайда еліміздегі бірқатар банктер қалыпты режимде ипотека беріп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін жылдық 25%-дан 20%-ға дейін төмендетуге байланысты бірқатар қазақстандық банктер 2025 жылдың 16 маусымынан бастап ипотека беруді тоқтатады деген ақпарат белсенді түрде тарап жатыр.
Еліміздегі банктер қалыпты режимде ипотека беруді жалғастырып отыр.
Freedom, Bank CenterCredit және Halyk банктері қалыпты режимде ипотека беріп жатқанын мәлімдеді.
Bank RBK қалыпты режимде ипотека рәсімдейді, бірақ жаңа ең жоғары пайыздық мөлшерлеме туралы ақпаратты талдап жатыр.
Айта кетейік, 2025 жылғы 16 маусымда Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу агенттігінің ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы бірлескен қаулысы күшіне енеді.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық