150 метрге 500 теңге: Астанада такси жүргізушісі шетелдікті алдап соққан
Астанада такси жүргізушісі шетелдік азаматты вокзалдан 150 метр қашықтықта орналасқан "Сапаржай" автобекетіне дейін 500 теңгеге жеткізіп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Полицейлер аталған факті бойынша Әкімшілік кодекстің 449-бабының 1-бөлігі "Қоғамдық орындарда алаяқтық" және 463-бабының 1-бөлігі "Тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
"Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасау бойынша Әкімшілік кодексте 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған", – деп еске салды қалалық полиция департаменті.
Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”