Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"15 жылдан бері үйі болмаған": Дариға Бадықова әпкесіне үй сыйлады

дариға актриса Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Танымал актриса Дариға Бадықова әпкесіне үй сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің сөзінше, Таразға арнайы барып, әпкесіне үйдің кілтін сыйлаған.

“Жарық көретін киномның желісі үйсіз қалған отбасы туралы еді. Бүгін 15 жылдан бері үйі болмаған әпкеме үй сыйлағым келеді. Түрлі жағдай басынан өтті. Арнайы Таразға барып, әпкемізге табыстадық. “Ыстық ұя” фильмінің түсірілімінде үйсіз қалған отбасыға үй сыйласам деген ой келген. Бүгін арманым орындалып тұр. Ешкімге айтпай сюрприз жасадым. Бақыт әпке қуаныштан не істерін білмеді. Бір күлді, бір жылады. Қуанышты бөліссең көбейеді. Баршаңызға жұғысты болсын”, – деп жазды актриса.



Сондай-ақ кино жұлдызы үйдің су жаңа иесі өзінің әпкесі екенін жасырмады.

“Бақыт әпке – анамның туған бауыры. Анам ылғи “Әпкең үйсіз жүр. Сол жаныма батады” дейтін. Садақаны алыс адамға бердің бе, жақыныңа бердің бе, өлшенбейді. Бір реті келер, ақшаның ыңғайы болғанда көрерміз деп жүр едім. Бақыт тәтеге сыйлағым келді. Үйдің құжатын қолына бердік. Сыйлық сыйлау – адамның жүрегіне жылулық береді екен”, – деді кино жұлдызы.

Еске салайық, Дариға Бадықова 10 жыл сәби күткен бейтаныс келіншекке тосынсый жасаған еді.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 02 Қыркүйек, 2025 10:01
Талқылау