Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жасар оқушының өліміне күдікті деп Қостанай қаласының 44 жастағы тұрғыны тергелуде

15 жасар оқушының өліміне қатысты іс Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің арнайы бақылауында. Жасөспірімді өлтірді деген күдікті анықталды.

Бұл туралы Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексіне «Қасақана адам өлтіру» сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде»,-дейді облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженар.

Полиция қылмыстық іс бойынша Қостанай қаласының 44 жастағы тұрғынын күдікті деп таныды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Ирина Беженар сондай-ақ, түстен кейін күдіктіні ұстау туралы бұйрық шешелетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, 18 наурызда Қостанайдағы №11 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы қайтыс болды.  15 жасар оқушының пышақталған денесін қамқоршы тәтесі тауып алған. Кейін, әкесінің де пышақ жарақатымен ауруханада жатқаны белгілі болды.

Ал қайтыс болған оқушы білім алған №11 мектеп директоры қыздың қандай да бір қиындықтар туралы айтпағанын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Таразда пара алған полицейлер сот залынан босатылды

Қостанайда бала күтушінің 14 жастағы мүгедек қызды ұрып-соғып келгені белгілі болды (видео)

Жоғарғы сот ұлының жазасын жеңілдетуді сұраған Сейітқазы Матаевтың өтінішінен бас тартты

Жантебірентерлік хикая: Қазақ жігіті жол апатына ұшырап, комаға түскен сүйіктісін аяққа тұрғызған

Талқылау