15 және 20 тамыз күндері Олимпиада жеңімпаздары Алматыға ұшып келеді (фото)
Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері 15 және 20 тамызда Алматы әуежайына келеді.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жараспаевтың айтуынша, 200 метр қашықтықта брасс тәсілімен жүзу бойынша әлем чемпионы Дмитрий Баландин 14-інен 15 тамызға қараған түні 00:45-те келеді. Сол түні сағат 01:30-да Қазақстанның дзюдо құрамасы, күміс жүлде иегері Елдос Сметов (60 келі) және қола жүлдегер Отгонцэцэг Галбадрах (48 келі) келеді.
Сонымен бірге, 20 тамызға қараған түні ауыр атлеттер командасы, Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов (77 кг), күміс жүлде иегері Жазира Жаппарқұл (69 келі) және қола жүлде алған Карина Горичева (63 келі) елге келеді.
Жақын арада төртжылдықтың басты тартысында қазақстандық ауыр атлеттер Денис Уланов (85 келі) пен Александр Зайчиков (105 келі) және боксшылар, жеңіл атлеттер, ескекшілер сайысқа түседі.
Айта кетейік, XXXI жазғы Олимпиада ойындарында 26 спорт түрі бойынша 104 спортшы Қазақстанның намысын қорғауда.