Елдос Сметов Бразилиядан Қазақстандағы жанкүйерлеріне сәлем жолдап, алғыс айтты (видео)
Дзюдодан Қазақстан қанжығасына күміс жүлде байлаған Елдос Сметов қазақстандықтарға сәлем жолдады. Спорттшы сөзінде қолау көрсетіп, өзіне жанкүйер болған барлық азаматтарға алғысын білдірді.

“Рахмет үлкен! Қазақ жұртына, қазақ еліне. Жанкүйерлеріме үлкен алғысымды айтамын. Әттең, алтын болмай қалды. Бірақ, келесі Олимпиада міндетті түрде алтын болады деп ойлаймын”,-дейді спортшы.
Рио Олимпиадасында дзюдодан әлем чемпионы қазақстандық Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алған еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған