Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"15 шақты адам талып қалды": Шымкентте өткен Садраддиннің концертіне жиналған жастар бір-бірін таптап кетті

Шымкентте өткен Садраддиннің концертінде халық лық толып, алаңға сыймай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sadraddinn/

ТikTok қолданушысы жеке парақшасында оқиғаның қалай болғанын жазды. 

“8 наурызда Садраддиннің концерті өтті. Адам өте көп болды. Бүкіл Шымкент сол жақта жүргендей. 10-15 шақты адам талып қалды. 25-30 шақты адамды жақындары іздеп жүрді. Полицей шақырдық. Толқын сияқты адамдар тербеліп тұрды. City Mall-дың ішінде де адам толы болды. Үйге кешкі 10-да бір-ақ жеттік. Садраддин үш ән айтты да, кетіп қалды. Тіпті, көрермен концертті бастан-аяқ көре алған жоқ. Ол жақтағы сұмдықта сөзбен айтып, жеткізу мүмкін емес. Тегін болғасын бүкіл халық барған”, – деп жазды желі қолданушысы. 



Өнер иесі өзі де халықты сабырға шақырып, тәртіп сақтау керегін ескерткен.  

“Сіздерден өтініш, кішкене әрі тұрсаңыздар! Артқа қарай, сахнадан түсіп тұрыңыздар! Өйткені алда кішкентай балалар отыр”, – деді әнші. 

Еске салайық, Ақтөбеде қала күніне орай өнер көрсеткен Садраддиннің басы дауға қалған еді. 

@kosmdiana #шымкентситимолл #шымкент #садрадин❤️‍🔥 ♬ оригинальный звук - .
Талқылау