1,5 миллион астам салымшы депозитіне 10% өтемақы алуға өтініш берген
Теңгелік депозиттерге 10% өтемақы алуға 1,5 миллионнан астам салымшы өтініш берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Inform.kz
Бұл бағдарламаның шарттарына сай келетін салымшылардың жалпы санының 30%-ы екен.
Банктер әлі де өтініш қабылдап жатыр. Бұл науқан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жалғаспақ. Өтініштерді онлайн тапсыруға болады.
Бұл сыйақыны 5 миллионнан астам салымшы ала алады екен.
Биылғы қыркүйекте салымшыларға берілетін өтемақының жалпы сомасы шамамен 360 миллиард теңге болған.
"Сыйақыны жинақ, мерзімді, мерзімсіз депозиттер, білім беру жинақтау салымдары және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне ақша салғандар ала алады. Салымшыларды осы мүмкіндікті пайдалануға үндегім келеді. Өтемақы алудың басты шарттарының бірі – депозит 2022 жылғы 23 ақпанға дейін ашылып, ішіне теңге салынған болуы керек, – дейді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Әділ Өтембаев.
Толық ақпарат алу үшін салымшылар депозит ашқан банкіне хабарласуы керек.
Бұрын үкімет пен Ұлттық банк теңге депозиттерді қолдауға арналған шаралар жасайтынын хабарлаған еді.