2,9 млрд теңге: "Барыс" хоккей клубының ойыншыларына қанша жалақы төленетіні белгілі болды
Sport24.ru порталы Құрлықтық хоккей лигасындағы 24 команданың жалақы жайлы ақпаратты жариялады. Олардың қатарында қазақстандық "Барыс" командасы да бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарияланған деректерге сәйкес "Барыс" ойыншылардың жалақысына жылына 480 млн рубль (2,9 млрд теңге) жұмсайды екен.
"Барыс" сапында лигадағы ең қымбат ойыншы ойнаса да, қазақстандық клубтың жалақы бюджеті 500 млн рубльге де жетпейді. Бұл қаржының 1/5 бөлігі канадалық Дицке ғана арналған", - деп жазды порталда.
Бұған дейін Даррен Дицтің Құрлықтық хоккей лигасындағы ең қымбат ойыншы екені белгілі болған еді.
"Салават Юлаев" және "Авангард" командалары ойыншылардың жалақасына "Барыспен" салыстырғанда екі есе көп қаржы жұмсайды.
Шығыс конференциясындағы ең төменгі жалақы көлемі "Адмирал" командасына тиесілі. Мұндағы жалақы бюджеті 280 млн рубль.
Батыс конференциясында көш басында 900 млн рубльмен ЦСКА, ал соңғы орында 285 млн рульмен "Димао" командасы орналасқан.
Айта кетейік, бүгін "Барыс" "Сибир" командасына қарсы ойын өткізеді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
