Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да ер адам бір бөтелке арақ үшін туған атасын аяусыз сабап тастады

Шығыс Қазақстан облысында 41 жастағы ер адам өзінің 82 жастағы атасына шабуыл жасады.

355915_s1

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Кешкі уақыт кезінде екі туыс дастархан жайып, ішімдік ішеді. Үстелде бір литр арақ бөтелкесі тұрған. Оның тең жартысын тауысқаннан кейін 41 жастағы Ш. қыдырып қайтпақшы болыпты. Бірақ, қос қолының бос жүргенін қаламаған ол бөтелкені де өзімен бірге ала кетпекші болады.

Бірақ, қарт кісі оның бөтелкені алып кетуіне қарсы болады. Бұған ашуланған Ш. атайды ұра бастайды. Басында жұдырықпен, артынша орындықпен төпелейді. Егде кісіні қан-қан күйінде үйде қалдырып, шығып кеткен. Зардап шегуші ауыр жарақаттан көз жұмады.

Сот отырысы кезінде Ш. өзінің кінәсін мойындайды. Аудандық сот оны 6 жылға соттайды.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда әйел көңілдесімен бірге өзінің екі жасар қызын ұрып өлтірді

Ресейде қаза тапқан Максим Арышевтың сүйіктісі оған арнап қоштасу хатын жазды

Қазақстандық ана қызын бермей қойған кедей жігіт байыған кезде қатты өкінді

Өскеменде азаптап өлтірілген ағайындылардың анасы болған жайтты баяндап берді

STAN.KZ
Сейсенбі, 11 Сәуір, 2017 15:29
Талқылау