Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

140 млрд теңге бюджетке түседі: Зейнетақы қорынан түскен салық мемлекетке көмектеседі

Экономист Арман Байғанов зейнетақы қорының бір бөлігін алғаны үшін салынатын салық мемлекет экономикасына оң әсерін беретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Маман өзінің есептеулерін ұсынып, зейнетақы қорының жарты бөлігін беру мемлекет пайдасына шешілетінін айтты.

"2021 жылы зейнетақы қорларын алу барысында 1,4 триллион теңгенің ішінен ел бюджетіне 140 миллиард теңге түсетінін айтқым келеді", - деп түсіндірді экономист. 

Сонымен қатар, Арман Байғанов мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектерге де халық өз қалтасынан ақша төлейтінін алға тартты. 



"Бұл сома көп пе, аз ба? Салыстыру үшін бұл сома «ҚазАгроның» бірнеше еншілес ұйымдары арқылы ауыл шаруашылығын қаржыландырудың жылдық көлеміне жетеді. «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниялары арқылы жеңілдетілген ипотекалық қаржыландыруды қолдауға да жеткілікті. Яғни, әртүрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін қаражатты тұрғындардың өздерінен алатын болады", - дейді Арман Байғанов. 

Еске салсақ, осыған дейін мемлекет басшысы тұрғындар зейнетақы қорындағы қаражатының жартысын пайдалана алатыны туралы айтқан болатын. 

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алған қазақстандықтар салық төлеуі керек. Ал ақшаны алу үшін шотыңызда қалуы тиіс қаражат қайта есептелмек. 

Талқылау