Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 жасында зорланған Қызғалдақ ұлының әкесінен алимент алатын болды

Алматы облысының тұрғыны Қызғалдақ есімді ару сотқа арыз айтып келген еді. 14 жасында өзін үш жігіт зорлағанын айтқан ол алимент өндіруді әрі кінәлілерді жазалауды талап етті. 

Бұл тураы "Кел, татуласайық" бағдарламасында айтылды. 

Қызғалдақтың арызы бойынша  азаматтық сот өтті. Сот шешімі бойынша, Қызғалдақ баланың әкесі Дидардан алимент өндіріп алатын болды. Жәбірленушінің өтініші толығымен қанағаттандырылды. 

Соттың кезекті үш отырысына да айыпталушы келген жоқ. Сот үшінші сотта шешім шығарды. 

"Біз маусым айында арыз жазғанбыз. Сот арызды қанағаттандырып, алимент өндіруге міндеттеді. Енді арыз жазылған уақыттан бастап, маусым айынан бастап, Дидар алимент төлеуге міндеттелді. Ол жалақысының 1/4 бөлігі. Егер ол жұмыс істемейтін болса, Қазақстандағы орташа айлық жалақы мөлшерінен 1/4 бөлігі деп есепке алынады. Мұнымен әрі қарай сот орындаушылары айналысады", - деді Қызғалдақтың адвокаты Альбина Бақтиярқызы. 



Адвокаттың айтуынша, бұл азаматтық іс Қызғалдақтың зорлану ісінен бөлек қаралған. Бұл жәбірленуші айыпталушыға кешірім дегенді білдірмейді. Зорлау ісі қылмыс болғандықтан, бөлек қаралады. 

"Біз соңына дейін барамыз. Кінәлілердің тиісті жазасын алғанын қалаймыз. Әрі бұл істің алиментке қатысы жоқ", - деді адвокат. 

Бағдарлама қонақтары Қызғалдақ пен Альбина Бақтиярқызын сот ісіндегі алғашқы жеңісімен құттықтап, тілектес екендерін жеткізді. 

Талқылау