14 жасынан жұмыс істеу: Еліміздегі ең бай адамдардың бірінің қызы аспаздың көмекшісі болды

BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев қыздарының аспаздың көмекшісі болып жүргенін айтты. Оның сөзінше, отбасындағы жазылмаған ереже бойынша балалар 14 жасынан жұмыс істеуі керек, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

14 жасынан жұмыс істеу: Қазақстандағы ең бай адамдардың бірінің қызы аспаздың көмекшісі болды

Өз сөзінде Рахымбаев қыздарының асханада аспаздың көмекшісі болып жұмыс істеп жүргенін, олардың кімнің баласы екенін ешкім білмейтінін атап өтті.

«Қазір екі қызым да құрылыстағы жұмысшыларға арналған асханада аспаздың көмекшісі болып жұмыс істеп жүр. Барлығы әділ болуы үшін, жұмысқа басқа текпен кірді. Тіпті, аспаздар да олардың кімнің баласы екенін білмейді. Олардың таңертеңгі 8:00-ден түнгі 22:00-ге дейін 12 сағат тынбай жұмыс істегенін көріп мен шаршап отырмын. Бәрі ересектердікіндей. Таңертеңнен 50 келі картоп, 14 келі пияз, 16 келі сәбіз тазалап, нан өнімдерін пісіріп, сонымен қатар 200-ден аса жұмысшының ыдысын, кәстрөлдерді жуады. Ұйқылары қанбайды, қатты шаршайды. Алайда біздің отбасындағы 14 жастан бастап жұмыс істеу ережесін табандылықпен орындап жүр», - деп жазды кәсіпкер Facebook желісінде. 

Сонымен қатар ол қыздарының бірінің жұмыстан шаршап, ұйықтап кеткен суретін жариялады.  Ол балаларына жаны ашығанымен, болашақта еңбегінің жемісін көреді деп білетінін айтты.

«Жаным менің, шаршап қалыпты. Жақсы көремін және бұрқылдап, шағымданбайтындары үшін мақтанамын. Әрине, балаларыма жаным ашиды. Бірақ осы істеген жұмыстары кейін өмірлерінде үлкен көмек болады деп санаймын», - дейді Айдын Рахымбаев. 

Оның сөзінше, сонымен қатар ұлы да құрылыста кірпіш қалаушының көмекшісі болып жұмыс істеп жүрген көрінеді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр