Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 сарбазды өлтірген Челах сүйіктісімен қайта қосылуға дәмеленіп жүр

Әскерде борышын өтеп жүрген 14 сарбазды өлтірген Челах бүгінгі өмірі туралы айтып берді. Ол түрмеде йогамен айналысып, түрлі кітаптар оқып жүр екен. Мұнымен қатар, ол әлі де бұрынғы сүйіктісімен бірге болуға дәмелі екенін жеткізді.

0прпеа

Бұл туралы «Другая правда» бағдарламасында айтылды.

5 жыл бұрын «Арқанкерген» аймағында болған қанды оқиға жұртты шулатты. Ресми деректер бойынша, Челах 14 адамды атып өлтіріп, артынша казарманы жағып жіберген. Тәртіп сақшылары оны оқиға орнынан 20 км жерден тауып алған. Сот оны айыпты деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айырған болатын. Бүгінде ол еліміздегі қатаң режимдегі түрмелердің бірінде отыр. Осы күнге дейін қайғылы оқиға айналасындағы дау толастар емес. Челахтың анасы әлі күнге дейін оның кінәлі екеніне сенбей жүр.

Светлана ханым жылына бірнеше рет ұлына келіп тұрады. Басқа уақытта үнемі хат жазысып отырады. Бірақ Челах сол күнгі қайғылы оқиға туралы мүлдем жазбайды екен. Анасы тілшілерге ұлының хатын беріп, оның қалай өмір сүріп жатқанын бөлісті. Владислав Челах бүгінде йогамен айналысып, көп кітап оқып жүр екен.

«Анашым, сәлем! Сенің хатыңды алдым. Қатты қуанып қалдым. Шыны керек, үйден келген әрбір хат маған қуаныш сыйлайды. Сіздер үшін қатты уайымдаймын. Қазір не істеп жүрсіздер? Денсаулықтарыңыз қалай? Сашажан сенің жүрегіңнің ауырып жүргенін айтты. Сен мен үшін бұлай қатты алаңдама. Менің жағдайым өте жақсы. Тірімін, денсаулығым да жақсы. Жүрекпен ойнауға болмайды. Дәрігерге барып қарал. Бәлкім кеңес берер. Айтпақшы жүйкемді тынышталдыру үшін йогамен айналыса бастадым. Жұрт оның көмектесетінін айтып жатыр.

Паша мен әкемнің жағдайы ше? Олар не істеп жүр? Әкеме де хат жаздым. Анашым, маған әкемнің электрлі ұстарасын беріп жіберші. Сақал-мұртымды немен қырарымды білмеймін. Ең бастысы, жүйкеңді тоздырма. Менен бөлек Саша мен Паша бар екенін ұмытпа. Сен біздің періштемізсің. Сен болмасаң, бұл жалғанда аяқ басып жүре алмайтын едік. Анашым, сені қатты жақсы көремін. Құшақтап, бетіңнен сүйдім. Сендерсіз қиналып жүргенім рас. Мүмкіндігім болса, моральдық, материалдық тұрғыдан көмектесетін едім. Әттең, тек моральдық тұрғыдан септігімді тигізе аламын. Кездесулеріміз көп болуы үшін барынша тәртіпті болып жүрмін», – дейді ол анасына жазған хатында.

Мұнымен қатар, Светлана ханым ұлының қарындасына жазған хатын ұсынды. Ол әлі де бостандыққа шығуға үміттеніп жүргенін жеткізген екен. «Сәлем, кішкене ғана қарындасым! Суретің мен хатыңды алдым. Сен сондай сұлу болып кетіпсің. Маған дәл осындай хатты жиі жазып тұршы. Оларды оқыған ұнайды. Соңғы кезде кітап оқуға құмартып жүрмін. Бостандықта жүрген кезде кітап оқудың мұншалықты жақсы екенін білмеппін. Бірақ сыртта кітап оқуға да уақытым жоқ еді ғой. Енді өткен шақтағы қателіктерді қолға алып, барлығын қатар оқып жатырмын.

Бостандыққа шықсам, дәл бұлай жата-жастана кітап оқуға мүмкіндігім болмайды. Жуырда теледидардан Сочиде үлкен «тарзанканың» бар екенін естідім. Биктігі – 280 метр екен. Көздерім жайнап кетті. Мен Янаға (Челахтың сүйіктісі) жабысып қалғаным жоқ. Мен оны шын мәнінде сүйемін. Ғашық болған соң менің жағдайымды толықтай түсінетін боласың. Бұл сезім сені биіктерге жетелеп, барлық шекараны бұзады. Сүйгеніңнен басқа ешкімді ойлағың келмей қалады. Оның тұрмыста болғаны маған кедергі келтірмейді. Туған қызы мендік болуы да мүмкін еді. Өгей бала болмайды», – дейді Челах қарындасына жазған хатында.

Қылмыскердің өмірінде ерекше орын алатын тағы да бір әйел адам бар. Ол – қанды оқиғаға дейін жүрген сүйіктісі. Алайда Яна Владиславты біржолата өмірінен сызып, бүгінде тұрмысқа шыққан. Күйеуі екеуі бір қыз тәрбиелеп отыр.

«Таңертең оянған кезде де, түнде ұйықтағанда да сені еске аламын. Сенің бұл жалғанда бар екенің үшін шексіз қуанамын. Сен маған жақын жерде жүрсің. Мен үшін алаңдайтыныңды сеземін. Сенің мені ойлап жүргеніңді, мені керек қылатыныңды жақсы білемін. Сен күйеуіңді тастамайтыныңды айтып отырсың. Бірақ мен бостандыққа шыққан жағдайда барлығы басқаша болар ма еді?! Мен бұған сенімдімін. Оның үстіне сені өзім де екінші рет ешқайда жібермейтін едім. Сенің басқа азаматтың құшағында жатқаныңды мойындай алмаймын. Мұндай жаман ойлардан аулақ болуға тырысамын», – дейді Челах.


Жіберіп алмаңыз:

Салмағы зіл батпан кір тасын 50 рет көтерген әйелдер желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

Мамбет, калбит, Мырқымбай. Қазақстанда қандай сөздерді айтпауға кеңес беріледі

27 наурызда «Ел арна» каналы іске қосылады

Қазақстанда 18 миллионыншы тұрғын қашан дүниеге келеді

Талқылау