Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

27 наурызда «Ел арна» каналы іске қосылады

Отандық кино әуесқойларына сый. 27 наурыз күні, яғни алдағы дүйсенбіде кешкі сағат алтыда «Ел арна» каналы іске қосылады.

elarna

Бұл туралы 24 хабар арнасы хабар арнасы хабарлайды.

Ең бірінші болып «Ән аға» және «Дорога домой» атты туындылар көрерменге жол тартады. «Хабар» агенттігіне кіретін арнада тек қана Қазақстанда шығарылған көркем фильмдер, деректі кино мен сериалдар көрсетіледі. Мұнда мемлекеттік тілдегі туындылардың үлесі 50%-дан кем болмайды. Олар эфирге 6 сағаттық қайталаумен шығады. Арна басшылығы «Қазақфильм» акционерлік қоғамымен келіссөздер жүргізіп, бірқатар тамаша туындылар көрсетілімі бойынша шарт жасасты.

Сондай-ақ еліміздің жас әрі дарынды мамандары да өз киноларын бүкіл халық назарына паш ете алады. Жаңа арнаның әкімшілігі олармен тығыз жұмыс жүргізуге дайын екендігін жеткізді.

“Біз жастарды кино әлеміне баулитын мектептермен, түрлі кинофестивальдердің әкімшілігімен қоян-қолтық жұмыс істейміз. Ұсынылған туындылардың арасында іріктеу өткіземіз. Қысқа метражды және арт-хаус стиліндегі фильмдерді де эфирге шығарамыз. Біздің ойымызша, мұндай ауқымды жоба жас режиссерлердің санын арттырып, кино индустриясының дамуына серпін береді”, – дейді «Ел арна» арнасының шеф-редакторы Камила Қамназарова.

Талқылау